Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“30 жылда тіл саясаты жүйелі түрде шешілмеді” – журналист

338

«Ширек ғасырдан бері тіл саясатын біржақты шешуге қаншама мүмкіндік болды, әлі де бар.

Саяси ерік-жігер, бәрінен биік тұратын мемлекет мүддесі дейтін нәрселер осындайда еске түседі. Тәуелсіздік дегеніміз, тіл тәуелсіздігі.

Ал біз қарапайым қоғамдық орындарда мемлекеттік тілде қызмет ала алмаймыз. Бұдан өткен қорлық бола ма?

“Заңда бәрі бар, құқыңызды қорғаңыз, талап етіңіз” дейді.

Ол заң бұлжымай орындалып тұрса, құқымды қорғаймын деп қалың қазақ петиция жаза ма?

Ал заңды қадағалаушы орган қайда сонда? Отыз жылда тіл тәуелсіздігіне жетпеу…

“Олар өздері сөйлегісі келмейді, орысша біледі, түсінеді, қоғамның өзіне байланысты” деп мемлекеттік тіл саясатына қазақты — қоғамды кінәлаудың қажеті жоқ.

Қазақ тілі – ширек ғасырдан астам уақыт күн тәртібінен түспей келе жатқан ең өткір саяси мәселе.

“Қазақ тілін сүйтейік, бүйтейік, сүйтсеңдерші, бүйтсеңдерші” деудің және жарнама іс-шаралардың түкке керегі жоқ. Мемлекеттік тілге саяси тәуелсіздік керек. Латын әліпбиіне өткеннен тіл тәуелсіз болып шыға келеді дегенге де күмәнім бар».

Өміржан Әбдіхалықұлының парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз