Алматы облысындағы Қарасай ауданының №2 сотында атышулы іске нүкте қойылды. 3 жастағы қыз баланың бүкіл денесін аяусыз тістелеп, мұрнын жұлып алған 1986 жылғы Ринат Қоңқабаев 8 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сот үкімі бойынша 3 жасар қыздың өгей әкесі жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге моральдық шығын төлеп беруі тиіс.
Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге моральдық шығын төлеуі тиіс», – деп мәлімдеді Алматы облысы сотының баспасөз қызметі.
Қылмыскер жалпы тәртіптегі колонияда жазасын өтейтін болады.