Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
12
USD
476
0.00
EUR
506
0.00
RUB
4.95
0.00

28 мамырда шетелдіктерге жерді жалға беру мәселесі талқыланады

Жер реформасы бойынша комиссияның бүгiнгi отырысында Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы жерлерiн жеке меншiкке сату немесе беру мәселесi қаралды. Жалпы, отырыс барысында 38 комиссия мүшесi өз ұсыныс-пiкiрлерiн айтты. Олардың барлығы жүйеленiп, жұмыс топтарында талқыланатын болды. Ал комиссияның келесi отырысы 28 мамырға белгiленiп отыр.

Онда комиссия мүшелерi қоғамдық резонанс тудырған жердi шетелдiктерге жалға беру мәселесiн талқылайды.

Айта кетейiк, бүгiн Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрт жұмыс тобының құрамы жасақталып, төрағалары сайланды.

Еске сала кетсек, Жер реформасы жөнiндегi комиссия Президенттiң тапсырмасы бойынша құрылды. Комиссия құрамына 75 адам кіріп отыр, олардың iшiнде Мұхтар Шаханов, Мұхтар Тайжан, Мұрат Әбенов, Айдос Сарым, Бекболат Тілеухан, Жармахан Тұяқбай секілді көпшілікке белгілі тұлғалар бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз