Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын, найзағай болады, тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
Кей жерлерде жел күшейеді. Маңғыстау, түнде Атырау облыстарының кей аудандарда тұман түсіп, найзағай болады.
Алматы облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды.
Қостанай облысының кей аймақтарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.