Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шаханда жоғалып кеткен от жағушының отбасына ауылдастары көмектесіп жатыр

Шаханда төтенше жағдай болған күні №4 үйде кезекші болған от жағушы Мейрамбек әлі күнге дейін табылмады. Оның жерлестері Мейрамбектің өз Отанында – Өзбекстанда жасырынып жүруі мүмкін екенін айтты. Айта кетейік, от жағушы мен оның отбасы Шаханның шетінде орналасқан бесқабатты үйде тұрады.

Ауыл әкімі Мұрат Жақыповтың айтуынша, сенбі күні от жағушының отбасына шенеуніктер барып қайтқан. Бірақ олардың не жайлы сөйлескені белгісіз.

“Балалар қиналмау керек деп ойламын, сондықтан да біз от жағушының отбасына материалдық көмек көрсеттік”, – деді Шахан ауылының тұрғыны, – Бұл көмегіміздің қоғамдық қайырымдылық қорына еш қатысы жоқ. Біз өзіміз осылай шештік. Оларға кішкене ақша мен азық-түлік алып бардық. Әйелінің айтуынша, ол – отбасының жалғыз асыраушысы”.

Еске сала кетейік, 1-қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі – ер адам, үшеуі – әйел, тағы үшеуі – балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. От жағушыға іздеу жарияланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз