Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“22 жыл шыдағаныма рахмет айтсын!”. Баян бұрынғы күйеуін кімге теңегенін білесіз бе?

167

Баянның айтуынша, ол өте шыншыл адам.

“Жоқ, рас. Мен сондаймын жалпы. Өтірік айта алмаймын. Өтірік айта алмағандықтан, осындай жағдайға душар болдым”, – дейді ол.

https://kaz.365info.kz/at-shaptyryp-kokpar-tartkhyzam-bayan-esentaeva-tojga-dajyndalyp-zhatyr-260858

Әрі қарайғы сөзі астарлы екен. Не айтқысы келгенін өзіңіз аңдап көріңіз, оқырман қауым…

“Кейбіреулер маған:

– Баян, ақылдылық – әккі, айлалы болу”, – дейді.

Иә, әйелдердің көпшілігі тұрмыста, бірақ олар бірнәрсе істейді. Ондай әйелдер өте көп, ал мен олай жасай алмаймын.

Өзімді-өзімді алдағым келмейді. 22 жыл бойы күйеуіме деген адалдықты сақтадым. Арым таза болды”.

Ал не түсіндіңіз? Баян мұнымен не дегісі келді?  Айтпақшы, сұхбатында бұрынғы байы – Бақытбекті мақтай кетіпті. 

“Иә, күйеуім ретінде тамаша адам болды.

Несіне жасырам? Әке ретінде өз міндетін мүлтіксіз атқарды”.  

Баян нені мойындады? 

Айтуынша, күйеуімен арадағы жанжалдан кейін интернетте Баянға қарсы “тапсырыс” мақалалар шыға бастаған. Міне, тек сол кезде барып, ол әйелі бар еркекпен көңіл қосқанын айтуға бел буыпты. 

“Елдің айғайлап ұрысқанынан мен азып-тозып кетпеймін. Бұл менің өміріме, өмірімнің ағынына әсер етпейді. Әрбірден соң, өз шаруам. Басқалар да қателеседі, өздерінен періште жасамасын”, – дейді продюсер. 

 

Әрі қарай әйелдерге тағы кеңес беріпті. 

“Өздеріңізді алдап өмір сүргілеріңіз келсе, өздеріңіз біліңіздер. Сізді сыйламайтын ақымақтың, тиранның, жындының, албастының айтқанын істеп өткізіңіздер өмірлеріңізді”. 

Сөзінің соңында, қазіргі байы Тұрсынғалиға тоқталыпты. 

“Екеуіміздің махаббатымызды сынайтындарға еш ашуланбаймын. Қалыпты жағдай ғой. Өзін періште санайтындар ғана өзгелерді сынайды. “Баян ұятсыз. Мен бұлай істемес едім”, дейді ондайлар. Көпшілігі әйелдер. Бірақ, өздеріне қарап алсыншы. Былықтары бастарынан асады, менікінен де көп. Тек мойындауға дәттері жетпейді”, –  депті Баян.

https://kaz.365info.kz/ketti-onyn-betin-byzyp-zhan-ahmadiev-bayan-makhsatkhyzyn-reppen-zherden-alyp-zherge-saldy-261251

Солай. Атышулы продюсер осылай депті. Бұл оның ақталғаны емес. Ақталғанына ұқсамайды. Оның кітабы да осы туралы. Әйелдер оқыр ма екен, бұл кітапты?

Бұл кітап қоғамға қай тұрғыдан пайдалы? Оқыған адам одан не үйренеді? 

Кітаптың құндылығы неде? Ол отбасылы жастарға, отбасын құрмақшы жастарға не береді? Баян кітап жазуға көшкен екен, ендеше, әдебиет қандай деңгейге түсті? 

Шыны керек, сауал көп көкейімізде. Бұған берер жауабымыз да әзір. Тек Баян мұны тыңдар ма екен?

Әй, қайдам. Тыңдайтын адамға ұқсамайды…

Мақала ВК-дағы Атамның басы-ай тобында қызу талқыланып жатыр

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз