Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Атырау облысында жүр

Осыған дейін Үкімет басшысы Ақтөбе, Қарағанды, Талдықорған, Қостанай, Павлодар әуежайларын тексеріп, Петропавл әуежайын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысқан.

Сондай-ақ Кәрім Мәсімов Атырау облысына сапарында Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған Қашаған кен орнындағы жасанды «Д» аралын, «Жігермұнайсервис» ЖШС бұрғылау қашауларын өндіру зауытын, «Caspian Royal Fish» ЖШС бекіре балығы фермасын, Атырау мұнай өңдеу зауытын аралайды деп күтілуде.

Бұдан тыс Кәрім Мәсімов жұмыс сапары кезінде кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, балық шаруашылығының даму перспективаларын талқылайды, сондай-ақ отандық мұнай сервисін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізеді.

Бүгінде Атырау облысының халқы 598 мыңнан астам, оның шамамен 47 пайызы – қала тұрғындары.

Индустрияландыру картасын жүзеге асыру кезеңінде облыста 37 жоба іске қосылды, сол арқылы 2,8 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Нақты секторда жаңа өндіріс орындарының ашылуы, шағын бизнесті дамыту және жаңа әлеуметтік нысандардың ашылуының арқасында биыл 7 615 жаңа жұмыс орны құрылды.

Республикалық көлемде облыстың жалпы республикалық өнімдегі жалпы үлесі 12,6 пайызды құрайды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз