Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

21 млрд теңгені рәсуа еткен Ауылшаруашылығы министрлігі : „Бұл – бірінші рет қой„ деп ақталды

Ауылшаруашылығы министрлігінің „Агробизнес-2020„ мемлекеттік бағдарламасынан миллиардтаған теңгенің көптеген кемшілігі анықталды деп хабарлады Zakon.kz.

Есеп комитеті бұл бағдарламаның 2013 және 2015 жылдарғы алғашқы кезеңінің жүзеге асырылу барысын бағалаған. Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 21,5 млрд теңгенің рәсуа болғаны анықталды. Ал 53 миллиард бюджет ақшасы тиімді игерілмеген, ал 40 млрд теңгенің құжаттамасы дұрыс тіркелмеген. Оған қоса мақсатты индикаторлар игерілмеген. Ведомства жоспарланған 7 пункттің 3-еуін ғана орындаған. Есеп комитетінің мүшесі Константин Плотниковтың айтуынша, жалпы „Агробизнес-2020„ бағдарламасы сапасыз әзірленген.

Бұл жайтқа қатысты вице-министр Гүлмира Исаева мәлімдеме жасады. Министрлік анықталған кемшіліктермен келіскен, соның ішінде мақсатты индикаторларды игермеу және қаржылық тәртіпті сақтамау сындысымен де.

„Министрліктің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруда стратегиялық жоспарды орындай алмауының және бөлінген қаражатты игере алмауының басты себебі – бұл бағдарламаның бірінші рет жүзеге асырылып отырғаны.

Дайындық та нашар болды, ақпараттану деңгейінің төмендігі құжаттарды тіркеуде және мерзіміне қатысты кемшіліктердің орын алуына, өтініштердің тек жыл соңында қабылдануына әкеліп соқты„ деп түсіндірді ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз