Италияның Әскери-теңіз күштері жұма күні кеменің аударылуы салдарынан суға кеткен 45 мигранттың мәйітін су астынан алып шықты. Сондай-ақ 135 адам құтқарылды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Италияның жағалау күзетінің хабарлауынша, аптаның басынан бері Жерорта теңізінде 14 мың мигрант құтқарылды. Олар Ливиядан Италияға теңіз арқылы жетпек болған.