Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

2020 жылдың қыркүйегіне қарағанда мамырдың алғашқы күндерінде Covid-19 жұқтырғандар көп

фото: edgewoodbaptist.net

coronavirus2020.kz деректері бойынша 2-мамырда Қазақстанда 2 496 жаңа жұқтыру оқиғасы тіркелді. Бұл соңғы 6 күндегі ең төменгі көрсеткіш (26 сәуір — 2 284). Дегенмен, ағымдағы деңгей жоғары болып қала береді.

  • 20 күн қатарынан күн сайын анықталған жаңа фактілер саны 2 200-ге көбейіп отырды
  • Осы күндердің ішінде 17 күн бойы республикада 2 500-ден астам жаңа факт тіркелді

Нәтижесінде: сәуір ауру жұқтыру статистикасы бойынша ең нашар ай болды – бір айда 75 841 жұқтыру жағдайы анықталды. Алдыңғы антирекорд 2020 жылдың шілдесінде, 49,3 мың факт анықталған кезде орын алған болатын.

Айта кетейік, мамыр айының алғашқы екі күнінде Covid-19-дың тіркелу саны 2020 жылдың қыркүйек (2 107) және қазан (4 439) айларындағы деңгейден асып түскен.

Аймақтардың жартысынан көбі қызыл аймақта

Қазақстанның көптеген аймақтарында ауыр жағдай қалыптасып отыр. 2-мамырдағы жағдай бойынша  республиканың 9 өңірі қызыл аймақта. Олардың арасында:

  • Нұр-Сұлтанда 2-мамырда соңғы 6 тәулік ішінде бірінші рет елордада жаңадан жұқтырғандар саны 400-ден (352 жұқтыруға дейін) төмендеді, бірақ қала ковид жұқтыру бойынша екінші орынды иеленуін жалғастыруда
  • Алматы екі айдан бері сырқаттанғандардың тәуліктік саны бойынша көш бастап тұр. 15-сәуірден бастап күнделікті көрсеткіш айтарлықтай тұрақталды және 660-690 жаңадан жұқтыру оқиғасы шегінде (2 мамыр – 667)
  • Шымкент – 5 тәулік ішінде күнделікті жұқтырғандар саны 100 адамнан асады. Соңғы үш аптада 2 мыңнан астам факт тіркелді. Пандемия басталған уақыттан бері – 9,7 мыңға жетер жетпес.
  • Ақмола облысында – 10 күнде жаңа жұқтыру оқиғаларының саны тәулігіне 130-дан жоғары
  • Жамбыл облысы – алдыңғы өңірлерге қарағанда жағдай біршама қалыпты: соңғы 6 күнде тәулігіне 68-79 оқиға
  • Батыс Қазақстан облысы – дәл сол 6 күнде күн сайын анықталатын фактілер саны 110-нан асады
  • Қарағанды облысы – 19 күн қатарынан вирус жұқтырғандар саны тәулігіне 200-ден асады. Соңғы 10 күнде – 230-дан астам
  • Қызылорда облысында – 2-мамырда 93 факті тіркелді. Бұл аймақ үшін 2020 жылдың шілдесінен бастап ең көп орын алған оқиға.
  • Павлодар облысында 1 мамырда 176 факт анықталды, бұл ақпаннан бастапқы ең жоғары мән болып табылады.

Сары аймақтардағы жағдай

Сары аймақта бес аймақ бар. Бірақ мұнда да жағдай қуанарлықтай емес.

  • Алматы облысында 2 мамырда анықталған жаңадан жұқтыру фактілерінің саны 180 — тек Нұр-сұлтан, Алматы және Қарағанды облыстарында ғана көбірек. Сонымен қатар, аймақтың өзінде соңғы рет жұқтыру фактісінің ең төменгі мөлшері 19 наурызда тіркелді (177)
  • Атырау облысында 2 мамырда 75 жұқтыру фактісі анықталған. Бұл 6 күндегі ең төменгі, ал соңғы 20 күндегі екінші орында тұрған мән.
  • Ақтөбе облысында 118 адам жұқтырған, бұл аймақ үшін бес күн ішіндегі минимум болып табылады
  • Шығыс Қазақстан облысында 85 оқиға тіркелген, бұл да 5 тәулік ішіндегі ең төменгі көрсеткіш
  • Маңғыстау облысында 27 сәуірден бастап тұқтырғандар саны тәулігіне 55-62 төңірегінде анықталған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз