Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

2018 жылы жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?

1015

Еgov.kz мәліметі бойынша, баланың тууына байланысты бір реттік төлем (жұмыс істейтін және істемейтін әйелдер үшін) ҚР “Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар” туралы 10-заңына сәйкес келесідей болады:

– бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК. Осылайша, төлем сомасы 91 390 теңге;

– бесінші және одан кейінгі балаға – 63 АЕК немесе 151 515 теңге.

Бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша төлемдер (жұмыс істемейтін адамдар үшін):

– бірінші балаға – 5,76 АЕК – 13 852,8 теңге;

– екінші балаға – 6,81 АЕК – 16 378,05 теңге;

– үшінші балаға – 7,85 АЕК – 18 879,25 теңге;

– төртінші және одан кейінгі балаға – 8,90 АЕК – 21 404,5 теңге.

Тұрмысы нашар отбасыдағы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы:

18-ге толмаған әрбір балаға 1,05 АЕК немесе 2 525,25 теңге.

Мүгедек баланы тәрбилеушіге жәрдемақы – 1,05 ЖТМ – 29 698,2 теңге.

18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы 1,05 АЕК немесе 2 525,25 теңге.

ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне – 16 АЕК – 38 480 теңге.

ҰОС кезінде қаза (көз жұмған, хабарсыз кеткен) болған жауынгерлердің қайта отбасын құрмаған жесіріне – 4,48 АЕК – 10 775 теңге.

“Алтын алқа”, “Күміс алқа” алған көпбалалы аналар немесе бұрын “Батыр ана”, сондай-ақ, I және II деңгейдегі “Ана даңқы” орденімен марапатталғандарға – 6,40 АЕК – 15 392 теңге.

I, II топ мүгедектері – 1,49 АЕК – 3 584 теңге.

III топ мүгедектері – 0,64 АЕК – 1 540 теңге.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына; мүгедектігі бар немесе зейнеткерлерге

– 1,07 АЕК – 2 574 теңге. 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес тылда еңбек еткен және бұрынғы КСРО-ның еңбек үшін ордендері мен медальдарымен марапатталмағандарға – 2,13 АЕК – 5 123 теңге.

Чернобыль АЭС және басқа да радиациялық апат, ядролық қару сынақ салдарынан мүгедек болғандар және мүгедектігі ата-анасының радиация алуына қатысты балаларына – 7,55 АЕК – 18 158 теңге.

Чернобыль АЭС және басқа да радиациялық апат салдарынан қаза болғандар отбасына – 4,59 АЕК (11 039 теңге).

1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-дегі апат салдарын жоюға қатысқандар және қауіпсіз жерге шығарылғандар, эвакуация кезінде жатырда болған балаларды қосқанда – 2,13 АЕК (5 123 теңге).

Елге ерекше еңбек сіңірген тұлғаларға – 1,07 АЕК – 2 574 теңге.

Әскери қызметін атқару кезінде және бейбіт уақытта көз жұмған әскерилер отбасына – 4,59 АЕК – 11 039 теңге.

Ауғанстандағы немесе өзге елдердегі қақтығыс кезінде жарақат, контузия және сырқат салдарынан көз жұмған (хабарсыз кеткен) әскерилер, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлерінің отбасыларына – 4,59 АЕК – 11 039 теңге.

“Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы” сыйлығына ие болған тұлғаларға – 138,63 АЕК – 333 406 теңге.

Аянбай еңбек еткені және ҰОС кезінде тылдағы мінсіз еңбегі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен марапатталғандарға – 2,13 АЕК – 5 123 теңге.

Жәрдемақылардың толық тізімімен электронды үкіметтің сайтында танысуға болады.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз