Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

2018 жылы көлік әкелу арзандай ма?

189

Салық департаменті қызметкері Қазақстанда белгіленген ҚҚС (12%), басқа да алымдарға қатысты өзгеріс болмайтынын айтты.  ҚР Энергетика министрлігі 2016 жылғы 27 ақпанда қалдықтарды жеткізу, кері өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату алымын (утилизациялық алым) енгізді.

Осы уақыттан бастап автоөндірушілер мен импортаушылар көлікті сатқанда, ал жеке тұлға көлігін есепке қойғанда бір рет утилизациялық алым төлейді. Оны есептеу әдістемесі бойынша, базалық 50 АЕК-ті көлік қозғалтқышының жұмыс көлеміне байланысты белгіленген коэффициентке көбейтеді.

Мысалы, 1000 см3 – 2000 см3 көлемді көлік үшін 50 АЕК-ті 7-ге көбейтесің, яғни, бүгінгі есеппен 794150 теңгеге шығады. Бұған 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Индустрия және даму министрлігі енгізген қоршаған ортаға зиянды әсер ететін транспортты қолданушыларға салынатын көлік құралдарын алғашқы тіркеу алымын қосыңыз.

Бұл алым көліктің пайдалану мерзіміне байланысты (1 жылға дейін 0,25 АЕК, 3 жылға дейін – 50, үш жылдан жоғары – 500 АЕК) белгіленеді. Яғни, егер сіз ЕАЭО аумағынан немесе шетелден 3 жылдан аса пайдаланған көлік сатып сатып алып, Қазақстанға тіркесеңіз, 1 134 500 теңге алғашқы тіркеу алымын төлейсіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз