Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік деңгейде бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру бойынша аулаларды, саябақтар мен қоғамдық бақтарды дене шынықтырумен айналысу үшін ұйымдастыру міндеттерін қойған болатын.
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры спорттық инфрақұрылымды дамытуға және спорт үшін жағдай жасауға өз үлесін қосып жатыр. 2016 жылдан бастап Қор жалпы халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған әмбебеп спорттық және балалар ойын алаңдарын орнату жобасын жүзеге асыруда.
Осы жобаның арқасында еліміздің шалғай аудандарының тұрғындары жыл бойы спортпен шұғылдана алады. Алаңдарды қолдану барлық адамдар үшін қол жетімді, яғни кез келген адам жасына немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, уақытты денсаулыққа пайдалы етіп өткізе алады.
Дәстүр бойынша, ойын алаңдары үш аймақтан тұрады: суық мезгілде хоккей корпусына айнала алатын футбол алаңы, әткеншектер мен ойын аймағы бар балалар алаңы, сондай-ақ ересектер де қолдана алатын металл тренажерлер аймағы.
Бұл балалар мен жастарды футбол мен хоккей ойнауға, жаттығу жасауға ынталандырады. Бұдан басқа, мұндай алаңдар спорттық іс-шараларға, турнирлерге, би сайыстарына, сән көрсетілімдеріне, тіпті халықаралық жарыстарды бірлесіп көруге арналған орынға айналуда.
Әрбір алаңның инклюзивті элементтерден құралғанын атап өткен жөн, яғни ерекше қажеттіліктері бар балалар да ол жерде уақыт өткізе алады. Инклюзивті қоғамды дамыту «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік дамыту қорының бағыттарының бірі болып табылады. Дамуында ерекше қажеттілікті керек ететін балалар басқа адамдармен тең құқықтарға ие және олар үшін спортқа және басқа да инфрақұрылымдарға қолжетімділік тең болуы керек.
«Жобаның мақсаты – салауатты өмір салтын дамыту ғана емес, жалпы қоғамның дамуы, сондай-ақ отбасы институтын қолдау. Аймақтарда осындай орындар ашу арқылы Қор өңірлердің тұрғындарын спорттық инфрақұрылымға қол жеткізуге, сондай-ақ қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға тырысады. Тұрғын үйлердің аулалары мен қашықтағы елді мекендердің орталықтарына орнатылған алаңдар спортпен шұғылдануға ғана емес, балалар мен жастар бір-бірімен араласа алатын орынға айналады», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Қоры Корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Мирас Іргебаев.
2018 жылы Қазақстанның 10 өңірінде 41 әмбебап спорттық және балалар ойын алаңдары, сондай-ақ 11 workout-алаңы ашылды. Жобаны жүзеге асырудың үш жылы ішінде елімізде 85 әмбебап алаң, сондай-ақ паркурмен айналысуға арналған алаңдар және скейт-парк орнатылды.