Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-1
USD
492
-0.51
EUR
530
+0.59
RUB
5.05
+0.02

2018 жылғы ең танымал қазақстандық фильмдер аталды

363
Сурет: ingimage/vostock-photo

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша қазақстандық кино тұтынушылардың көбі алматылықтар болып шықты, деп хабарлайды EnergyProm. ҚР бойынша Алматының үлесі 67%-ға дейін артты, қызмет көрсету көлемі бірден 55,7%-ға, 26,8 млрд теңгеге өсті. Кино және видео өндірісі бойынша барлық қызметтердің 21,9%-ы Астанада: жылына 8,8 млрд тг, +23,9%.

Сектордағы қызметтердің ең көп көлемі кино өндірісіне (барлық көлемнің үлесі — 45,4%), кино көрсетілімдеріне (40,7%) және кинофильмдерді, видео және телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызметке (12,5%) келеді.

Ең елеулі жылдық өсім фонограммалар мен музыкалық жазбаларды шығару бойынша қызмет көрсету саласында белгіленді: 288,8 млн теңгеге дейін, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,5 есеге артық. Сондай-ақ, киноөндіріс (жылына 18,2 млрд теңгеге дейін, бірден +54,8%) және кинокөрсетілім бойынша қызмет (жылына 16,3 млрд теңгеге дейін, +49,3%) елеулі өсім көрсетті.

Tiketon.kz lеректер бойынша Қазақстанның үздік 10 премьерасы: “Бизнес по-казахски в Америке”, “Бизнесмены”, “Ұлы дала комедиясы”, ” Гудбай, мой бай!” “Я – жених!”, “Әмре”, “Сиситай”, “Свадьба.kz”, “Финансист” және “Жена – не стена” фильмдері.

Өткен аптада Әлішер Өтевтің “Брат или брак 2” фильмі ҚР бойынша прокаттың көшбасшысы атанды. Фильм 7-10 ақпан аралығында 96,2 млн теңге жинады.

Екінші орында бір демалыста 44,5 млн теңге жинаған Ханс Петтер Муландтың “Снегоуборщик” атты жаңа драмалық боевигі. Үшінші орында Адам Робителдің “Клаустрофобы” триллері, фильмнің бокс-офисі – 40,8 млн тг.

2019 жылғы қаңтарда қазақстандық киномандар бір билет үшін орташа есеппен 1207 тг төлеген, бұл былтырға қарағанда 1,1%-ға аз. Кинотеатрларға ең қымбат билеттер Атырауда (билет үшін 1900 тг, бір жылда +15,2%) және Астанада (билет үшін 1506 тг, бір жылда -1,8%) белгіленген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз