Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-10
USD
523
+5.98
EUR
549
+6.33
RUB
5.05
+0.07

2018 жылдан бері теміржол өткелдеріндегі апаттан 22 адам зардап шеккен

254

«Қазіргі таңда ортақ қолданыстағы қазақстандық жолдарда автокөлік жолдарымен қиысатын 1 мыңға тарта теміржол өткелі бар. Республикалық желілерде мұндай қиылыстардың саны – 139. Автокөлік жолы мен пойыз жолы бір нүктеде қиысқан кезде, әрине, аталған өткелдерді кесіп өту ережелерін қатаң сақтау керек. Пойыздың өткелге жақындағанына 2,5 шақырым қалған кезде бағдаршамның өтуге тыйым салынатын түсі жанады, шлагбаум түседі де, көлік құралдары тоқтауы тиіс. Өткелді қоршайтын құрылғысы бар теміржол өткелдерінде бәрі автоматты түрде іске қосылып, көліктер қауіпсіз тәртіпте тоқтайды», – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр ОҚК-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, теміржол өткелдеріндегі ережелерді жетілдіру жұмысын қарай жалғастын таппақ.

«Бірақ, ол ережелерді жетілдіру жұмысын біз ары қарай жалғастыра береміз. 2018 жылдан бері мұндай өткелдерде 9 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 2 адам көз жұмды, 20 кісі әртүрлі дене жарақатын алды. Осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша, бұл жағдайды қосқанда 6 оқиға тіркеліп, 1 адам қайтыс болды, 15 адам зардап шекті. Біз бұл жағдайда қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін жұмысты күшейте беретін боламыз», – деді министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз