Сыртқы істер министрі бірінші орынбасары Мұхтар Тлеуберді 2018 жылдан бастап Қазақстанның электронды виза бере бастайтынын айтты.
Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
СІМ өкілінің айтуынша, бастапқыда жоба кейбір мемлекеттер үшін пилоттық режимде жұмыс істейді. Сондай-ақ, мұндай виза түрі қай мемлекеттерге берілетіні анықталып қойған.
«Әкімшілігі ҰҚК болып саналатын «Бүркіт» жүйесін дамыта түсу қажет. Сома белгіленіп қойды. ҰҚК өзінің жүйесін ретке келтіру үшін мемлекеттік бюджеттік комиссия соманы бекітіп қойды. Сол себепті осы жылдан бастап электронды виза бере бастаймыз», – деді министрдің орынбасары.