Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай өтіп жатқан салтанатты жиын барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы мен бала тууға байланысты берілетін бір реттік жәрдемақыны көтеруді тапсырды.
«Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай келесі жылы зейнетақы мен бала тууға байланысты берілетін бір реттік жәрдемақыны 20 пайызға көтеруді тапсырамын», – деді Елбасы.