Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

2017 жылы “Нұрлы жол” бағдарламасына 647 млрд теңге бөлінді

188

„Нұрлы жол„ бағдарламасына барлық тұрғын үй операторлары қатысады. Ұлттық экономика министрлігінің дерегіне сүйенсек, жергілікті атқарушы органда тізімде тұрғандарға арналған жалға берілетін баспана құрылысының операторы «Бәйтерек девелопмент» АҚ және «ҚИК» АҚ болып табылады.

Ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына арналған баспана құрылысымен «Бәйтерек девелопмент» АҚ және жергілікті атқарушы билік айналысады.

„Самұрық-Қазына„ ұлттық компаниясының Жылжымайтын мүлік қоры  барлық категориядағы азаматтар үшін коммерциялық тұрғын үйдің құрылысына жауапты. Бұл бағдарлама қатысушылар ішінде заңды тұлғалардың үлесі 20 проценттен аспауы тиіс екені баса айтылған.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі келтірген дерек бойынша, „Нұрлы жол„ бағдарламасы бойынша осы аталған бағыттар бойынша азаматтар қалай баспаналы бола алатынын түсіндіре кетелік.

2016 жылы ақпанда „Бәйтерек„ ұлттық холдингі арқылы несиеге берілетін баспаналардың құрылысына 149 млрд теңге бөлінді. Оның 22 млрд теңгесі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларын несиелеуге бағытталды. Ал қалған 127 млрд теңге несиеге берілетін баспаналар құрылысына бөлінді. Онда баспана екі бағыт бойынша пайдалануға беріледі: жергілікті атқарушы билік пен Бәйтерек девелопмент әріптестігі бойынша, онда да оның өзі екі бағытқа бөлінеді; 67 млрд теңге жергілікті атқарушы билік арқылы игеріледі, ал қалған 60 млрд теңге «Бәйтерек девелопмент» арқылы.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ бағыты бойынша:

– баспаналы болғысы келетін адамның Қазақстан Республикасы азаматтығы болуы міндетті;

– Алматы мен Астана қалаларынан пәтер алғысы келетіндердің тұрғылықты мекен-жай бойынша кем дегенге соңғы 2 жылға тұрақты тіркеуі болуы керек.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ бағыты бойынша баспаналы болғысы келетін адамның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде міндетті түрде салымы болуы тиіс. Осы банктегі арнайы комиссия салымшылары үшін тұрғын үйді таңдайды, яғни сапасы мен бағаның қолжетімділігіне көз жеткізеді. Содан соң банк таңдап алған жаңадан салынған нысан бойынша сатып алушылардың пулын жариялайды. Сөйтіп сол електен өткен адамдар баспанаға ие бола алады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне салымды қалай салады?

Алматы мен Астана қалаларынан пәтер алғысы келетіндердің тұрғылықты мекен-жай бойынша кем дегенге соңғы 2 жылға тұрақты тіркеуі болуы керек. Демек, осы құжаттар талап етіледі.

Жергілікті атқарушы орган бағыты бойынша әкімдікте тізімде тұрғандар мен банк салымшылары баспаналы бола алады. Бұл арада осы бағыт бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің тең жартысы кезекте тұрғандарға, ал қалған тең жартысы банк салымшыларына теңдей бөлінетінін баса айта кетелік. Әкімдікте кезекте тұрғандар да Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болуы тиіс.

Қазақстанның ипотекалық компаниясы: „Нұрлы жол„ бағдарламасы бойынша жалға берілетін баспаналар

Бастапқы кезеңдерде құрылыстың бір шаршы метрінің орташа құны 100 мың теңгені құрайды, ол баға орналасқан аумақтарына, сейсмикалық ерекшеліктеріне байланысты өзгертілуі мүмкін. Бастапқы кезеңдерде құрылысты жалға алудың бір шаршы метрінің орташа құны 100 мың теңгені құрайды. Жалға берілетін тұрғын үйлер 3-4 сыныпты жайлылығымен аумағы – 35 шаршы метрден 80 шаршы метрге дейін болады.
Сатып алу құқығымен жалға алу мынадай талаптармен беріледі:

– Сатып алу құқығымен тұрғын үй 15 жылға беріледі, содан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді;
– Бастапқы жарна 6 айлық жалға алу төлемін құрайды;
– Жалға берілетін тұрғын үйді 10 жылдан кейін сатып алуға болады;
– Табысы жеткіліксіз болған жағдайда қосалқы жалға алушыларды тарту мүмкіндігі бар;
– Жалға алу құқығын үшінші тұлғаларға беру мүмкіндіктері де бар;
– Ағымдағы қаржылық жағдайына байланысты аумағы үлкен/кішкентай тұрғын үйлерге ауыстыруға болады.

Жалға берілетін тұрғын үйлерге мұқтаж азаматтардың тізіміне кіру және олар бойынша құжаттарды қабылдау жергілікті атқарушы органдармен ) жүргізіледі. Тұрғын үйлер берілетін азаматтардың санаты туралы және тапсыруға қажетті құжаттардың тізімі туралы толық ақпаратты жергілікті атқарушы органнан ала аласыздар.

Жалға берілетін тұрғын үйді бөлгенге дейін бағдарламаға қатысатын әлеуетті қатысушыларының төлем қабілеттілігін сараптау «Қазақстанның ипотекалық компаниясы жүргізеді. Жалға берілетін тұрғын үйді алуға мұқтаждығы басым азаматтар тізімі санаттарына қарай жергілікті атқарушы орган айналысады.

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы көп қабатты тұрғын үйлер құрылысын іске асырады. Сонымен қатар Астана, Павлодар, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Қостанай қалаларында тұрғын үйлер құрылысына тапсырыс шартына қол қойылды.

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы болып табылады. Холдингтің құрылу мақсаты – экономиканы дамыту мен әртараптандыру, инвестицияларды тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарындағы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру.

„Нұрлы жол„ бағдарламасына қатысатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры бағыты бойынша

 

2016 жылдың бірінші жарты жылдығынан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Нұрлы жол» бағдарламасының мемлекеттік операторы боп тағайындалды. Жеке құрылыс салушыларды қолдау бағдарламасы арқылы құрылыс саласына жан бітіру мақсатында „Самұрық-Қазына„ Жылжымайтын мүлік қорына 97 млрд теңге бөлінді.

«Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй құрылысының мәліметінше, бұл арада мемлекеттік-жеке меншік серіктестік принциптері жұмыс істейді. Ал пәтерлер тікелей сату тетігі арқылы беріледі. Қорға 24 ай ішінде жоба аясында салынған пәтерлердің барлық пулын сатуға құқық беріледі. Егер жоба уақытында бітпесе, аталған нысан қордың иелігіне 20 процент жеңілдікпен беріледі.

«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік» АҚ 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жалпы көлемі 490 мың шаршы метр болатын 10 мың пәтердің құрылысын қаржыландырды.

Бұл бағыт бойынша Қазақстанның барлық азаматтары баспана ала алады.

Жалға алу арқылы сатып алу, «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысусыз

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, жалға беру арқылы сатып алынатын немесе сатып алынбайтын пәтерлер түгел дерлік жергілікті атқарушы органда тізімде тұрғандарға тәртіп бойынша беріледі. Бұл бағыттың тәрбіті Өңірлерді дамыту – 2020 бағдарламасынан егжей-тегжейлі айтылады. Тұрғын үйді таңдап алу, оны қолданысқа беру және сату шарттары Қазақстанның ипотекалық компаниясы, «Бәйтерек девелопмент» АҚ және жергілікті атқарушы орган әріптестігі туралы келісімшартта анықталады. Ал жергілікті атқарушы орган келісімшартты бойынша сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысының көлемі анықталады.

1) Егер адам баспананы тікелей сатып алғысы келсе, алғашқы жылы пәтердің 1 шаршы метрінің құны Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және осы қалалардың маңындағы аймақтарда – 180 мың теңгеден аспайды. Елдің басқа өңірлерінде шаршы метрдің бағасы – 144 мың теңгеден аспайды. Бұдан кейінгі жылдары үйдің бағасы құрылыс құнының өзгеруіне орай нақтыланатын болады.

2) Жалдай отырып сатып алсаңыз (ескерту: мерзімі – 15 жылға дейін), бірінші жылы пәтердің жалпы ауданының 1 шаршы метрі үшін Астана, Алматы, Атырау, Ақтауда және қаламаңы аймақтарында 1600 теңгеден басталады. Өзге өңірлерде – төлемақы 1300 теңгеден басталмақ. Жылжымайтын мүлік қорына берілген несие мерзімі азайтылған жағдайда, жалдау ақысының мөлшері де өзгеруі мүмкін.

Азаматтар осы екі бағыттың бірін ғана таңдауға құқылы және бір елді мекенде меншігіне бір пәтерден артық ала алмайды.
Басымдық: тұрақты табысы бар, бірақ жеке меншік пәтері жоқ азаматтарға беріледі. Жеке тұлға Жылжымайтын мүлік қоры арқылы баспана алу құқығын тек бір рет қана пайдалана алады.

Жалға алу мерзімі – 20 жыл, ал сатып алусыз – 10 жыл. Жалға алу пәтері бойынша алғашқы салым Бәйтерек девелопмент қабылдайды, табысы нақтылан жағдайда бірден 3 айдың жалға алу құны төленеді, ал егер табысын нақтылайтын құжат болмаса, онда 6 айлық жалға алу құнын төлеу талап етіледі.

Жалға алынатын баспана көлемі 65-80 шаршы метрден аспайды. Астана, Алматы, осы қалалардың маңы, Ақтау және Атырауда мұндай баспананың 1 шаршы метрі 200 мың теңгеге дейін барады, ал өңірлерде 180 мың теңгеге дейін барады.

2016-2018 жылдары „Нұрлы жол„ бағдарламасы бойынша баспаналарды қолданысқа беру мерзімі:

Ұлттық экономика министрлігі 2016-2018 жылдарға арналған тұрғын үйлердің құрылысының жайы туралы кеңірек мәлімет берді.

Сонымен, „Нұрлы жол„ бойынша 2016-2017 жылдары «Бәйтерек девелопмент» бағыты бойынша 324,1 мың шаршы метрдің (5,4 мың пәтер) құрылысы жүргізілуі тиіс делінеді.

Жыл басынан бері Қазақстанның ипотекалық компаниясы мемлекеттік бағдарлама бойынша 535,8 мың шаршы метр баспананы (9 148 пәтерді) қолданысқа берді. Енді жыл соңына дейін мұны 255,3 мың шаршы метрге (4 556 пәтерге) жеткізу көзделуде. Осы жағынан алғанда, 2016-2017 жылдары 707 мың шаршы метрді құрайтын баспананы (12 111 пәтерді) қолданысқа беру жоспарланған.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ несиеге берілетін пәтер құрылысы бойынша 366,9 мың шаршы метр (5,5 мың пәтер) және жергілікті атқарушы орган арқылы берілетін пәтердің 541,5 мың шаршы метрін (8 962 пәтер) өткізуді өз мойнына алған.

2017-2018 жылдары „Самұрық-Қазына„ қорының коммерциялық баспаналары бойынша 500 мың шаршы метрдің (10 659 пәтердің) құрылысы қолға алынбақ.

Мәселен, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2016-2017 жылдарға жалдамалы тұрғын үй бойынша жоспар 324,1 мың шаршы метрді, кредиттік тұрғын үй бойынша жоспар 366,9 мың шаршы метрді құрайды. 2016-2017 жылдары тапсырылатын 268,9 мың шаршы метр (4 441 пәтер) салу үшін шарттарға қол қойылды.

Ал жалдамалы тұрғын үй салу мен сатып алуға «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ бағыты бойынша 2015-2016 жылдары Ұлттық қордан 115 млрд. теңге бөлінді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша жоспардағы 401 мың шаршы метр орнына 425,5 мың шаршы метр тұрғын үй (7 234 пәтер) пайдалануға тапсырылды, шамамен 21 мың жұмыс орны құрылды және сақталды. 2016 жылдың нысандары бойынша жоспарлы 326 мың шаршы метрдің орнына 371,9 мың шаршы метр (6 521 пәтер) салуға шарттар жасалды. Соның ішінде бүгінгі күні 26,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылды, 345,1 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Бұдан басқа, Холдингтің еншілес ұйымы «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-да 431 мың шаршы метрге (7,6 мың пәтер) қосымша жобалар пулы бар.

Бұл арада баса айта кететін бір нәрсе бар. Осыған дейін салынған құрылыстар „Нұрлы жол„ бойынша есепке алынса, ал жоспардағылары „Нұрлы жер„ бағдарламасының қабылдануына байланысты соған еніп кетеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз