Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

2017 жылы мұнайдың бағасы 20 долларға құлдырап, мұнай өндіруші елдер шығынға батады – шетелдік БАҚ

Министр сондай-ақ ОПЕК нарықтың мұнай бағасына бақылау жасауына жол бермеуі тиіс, деп атап өтті. Өйткені мұнай қайтадан орнын толтыратын ресурс емес.

– Мұнай өндірісі жылдан жылға қымбаттап барады. Ол инвестиция көбірек құюды талап етуде. Мұнай бағасының қалай болса солай құру мүмкін емес. Мұнайды қазіргі деңгейден төмен бағамен сатуға болмайды. Әйтпесе шығынға батамыз, – деді ол.

Иран көнбеген соң мұнай бағасы құлаған

Соңғы кездері мұнай бағасының құлдырауына мұнай державаларының ортақ мәмілеге келе алмауы себеп болған. Бұл жайтты Венесуэла министрі былайша түсіндіреді:

– 2016 жылдың басында Ресей әлемдік нарықтың тұрақтануы үшін мұнай өндірісі өсімін қаңтар-ақпандағы деңгейде ұстап тұруға әзір екенін мәлімдеді. Алайда Ресейдің және ОПЕК мүшелерінің қатысуымен өткен мұнай державалары өкілдерінің кездесуінде бұл жөнінде уағдаласудың реті келмеді.

Себебі Сауд Арабиясы Иранның қатысуынсыз қандай да бір құжаттарға қол қоюдан бас тартты: Иран Ислам Республикасының өкілдері Дохаға келген жоқ. Енді осы жайт тағы қайталанса келесі жылы мұнай бағасы қатты құлдырайды. Оған жол бермеуіміз керек, – дейді ол.

Биыл мұнайдың бір баррелінің құны 50-60 доллар болады

Ал осы жылдың мұнай нарығындағы құбылыс шетелдік министрдің көңілінен шығады екен.

– Біз халықаралық нарықта жазда 2 миллион баррель мұнайға сұраныс болатынын аңғарып отырмыз. Бұл сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырманы белгілі бір деңгейде жояды. Біз жаз бойына халықаралық нарықтағы “қара алтынның” бір баррелі 50-60 доллар болады деп болжаймыз. Өйткені тақтастан мұнай өндіру жүйесі мәселесі әлі өзінің өзектілігін жойған жоқ.

3 мыңға жуық тақтатас кеніші қазылып тасталғаны, оның жұмыс істемей жатқаны белгілі. Олар баға 50 доллардан жоғары болған кезде ғана іске қосыла алады.

Егер баға 60-тан жоғарыласа, онда тақтатастан мұнай өндіру ісі жаңғыра бастайды. Алайда қазір уақыт оған мүмкіндік бермей отыр, – дейді Венесуэланың мұнай министрі Эулохио дель Пино.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз