Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“20 шақты әні бар”. Димаш өзі шығарған әндерін елден неге тығып жүр?

277

Димаштың музыкаға деген көзқарасы мен интеллектісі ерекше. Барлық нәрсені бірден ұнатып, құлай бермейді. Көңіліне қондырып, жүрегінен өткізген дүниелерді ғана сахнаға алып шығады.

«Ұмытылмас күн» деген туындысы да ұзақ өңделген болатын», – дейді Света Айтбаева.

Мұнымен қатар, Қанат мырза ұлының кей әніне сөзді өзі жазып беретінін айтты. Көптеген ақынға жаздырған ән мәтіндері көңілдерінен шықпаған екен.

«Дегенмен, Димаштың жиырмаға жуық әуендері бар. Оның барлығын толық пісіріп, ақындарға сөз жаздыру қажет.

Димаштың «Көркемім» секілді ойнақы бір-екі әндеріне сөзді өзім жазып бердім. Кейде сөзін жазғанмен, көкейіңе қонбай тұрады. Сондай әуендерді қойып қоямыз. Ауқымды ойды түйіндейтін тым жақсы әуендері бар. Осыларға ақындарға сөз жаздырып көрген едік, көңілімізге қонбады. Әуен мен сөздің қабысуы өте қиын. Әуен өзінше жақсы, сөз өзінше жақсы. Бірақ екеуі бір-біріне сай келмейді», – дейді Қанат Айтбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз