Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
525
+13.36
EUR
552
+11.86
RUB
4.93
+0.20

20 мыңнан астам мұғалім Ұлттық біліктілік тестілеуінен өте алмай қалған

199

«Ұлттық біліктілік тестілеудің қорытындысы бойынша шекті деңгейден 36272 (63,74%) тестіленуші, олардың ішінде қазақ тілінде – 23758, орыс тілінде – 12514 өтті. Республика бойынша орташа ұпай –110 баллдан 68,27  ұпай», – делінеді хабарламада.

Сондай-ақ, тестілеу орталығындағылар тест нәтижесі бойынша ең үздік көрсеткішті «педагог-сарапшы» санатына өтініш бергендер көрсеткенін мәлімдеді.

«Педагог- модератор» біліктілігі бойынша өтініш бергендер – 17775. Шекті деңгейден өткендер – 11 505, оның ішінде қазақ тілінде – 7905, орыс тілінде – 3600. Орташа балл – 68,1.

«Педагог- сарапшы» біліктілігі бойынша өтініш бергендер – 22231. Шекті деңгейден өткендер – 13358, оның ішінде қазақ тілінде – 8965, орыс тілінде – 4393 тестіленуші. Орташа балл – 63,5 құрады.

«Педагог- зерттеуші» біліктілігі бойынша өтініш бергендер – 18490. Шекті деңгейден өткендер – 10652, оның ішінде қазақ тілінде – 6457, орыс тілінде – 4195 тестіленуші. Орташа балл – 68,1 құрады.

«Педагог- шебер» біліктілігі бойынша өтініш бергендер – 1980. Шекті деңгейден өткендер – 757, оның ішінде қазақ тілінде – 431, орыс тілінде – 326 тестіленуші. Орташа балл – 43,1 құрады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз