Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“20 мың доллар тұрады”. Оңтүстікте ұсталған ауғандардың қандай өсімдікке көзі түсіп жүр?

398

Ұсталғандар сасық қурай емдік шөбін заңсыз жинаумен айналысқан екен.

ҰҚК-нің Оңтүстіктегі аймақтық басқармасының ақпаратына қарағанда, бір топ ауған Қазақстанға бір ай бұрын келген. Осы уақыттың ішінде әлгі айтқан өсімдіктің мол қорын жинап үлгеріпті. Қазір ауғандар жинастырған заңсыз тауардың жалпы көлемі анықталып жатыр. 

 

Сасық қурайда несі бар дерсіз? Қып-қызыл ақша екен. Жинап, теріп болғасын қурайдың бір тоннасын 20 мың долларға сатуды жоспарлапты. Табыс табуды көздепті. Бөтен ел, бөтен жерде…

Ауғандар Саттаров елді-мекеніне жақын жерде құрықталған. Жалпы саны 32 адам. Шекарашылар ұстапты. Қазақстанда еңбек етуге болады деген рұқсаттары болмай шыққан. Соған қарамай, сасық қурай жинастырған. Жинаған өнімді Қытай асырмақ болыпты. 

 

Бәрін қойшы, сасық қурайдың не құдіреті бар сонда? Білсек, бұл өсімдікті асқа пайдаланады, халық медицинасында қолданады. Жөтелді тоқтатуда, сіңір тартылуда, жүйке жүйесінің тозуы, психикалық ауытқуылар, склероздың алдын алуда таптырмайтын ем екен.

Мира Мүсілім

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз