Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

20 маусымға арналған ауа райы болжамы

Атап айтқанда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз дауыл болжанады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Қарағанды облысының жекелеген жерлерінде бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақмола, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз