Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

2 жасар қыздың өлімі: шұжық жеткізушіге қатысты жоспардан тыс тексеру басталды

210

Департамент мəліметінше, эпидемиологиялық зерттеу кезінде аурудың басталуына Бурабай ауданының Щучье қаласындағы «Ақжелкен» супермаркетінен сатып алынған жартылай сүрленген шұжық себеп болғаны анықталды. Оны баланың ата-анасы айтқан.

«Шұжықты отбасының барлық мүшелері (4 ересек жəне 3 бала) жеген. Алайда ішек жұқпасы балаларда ғана өршіген. Зардап шеккендердің туыстары шұжық өндірушіні нақты көрсете алмады.

Осыған орай сауда үйіндегі әртүрлі өндіруші шығарған шұжық өнімдерінен 16 сынама алынып, зертханаға жіберілді. Оған қоса, зертханалық тексеру нəтижесі шыққанша сауда үйінде аталмыш шұжық түрін сатуға тыйым салынды.

Сонымен бірге, облыста шұжық өнімдерінен улану оқиғасы тіркелген жоқ», – деп түсіндірді Ақмола облысының қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің басшысы Азамат Дүйсенов.

Сонымен қатар, зардап шеккендердің үйлерінде санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп, ішек таяқшасы және патогенді флорадан 30 су шайындысы алынды.

«Қосымша зерттеу барысында 23 қазан күні сауда үйіндегі бейнежазбаны тексеру кезінде шұжық өнімін өндіруші мен жеткізуші анықталды. Шұжық өнімдерінен сынама алу кезінде шұжықтың бұл түрі саудада болған жоқ.

Осыған орай аталмыш шұжық өнімдерін өндірушіге қатысты жоспардан тыс тексеріс басталып, мəліметтер өндірушінің тұрғылықты жері бойынша аумақтық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментіне жіберілді.

Олар жоспардан тыс тексеріс жүргізеді. Зертханалық зерттеулер қорытындысы шыққан соң нақты ақпарат ұсынамыз», – деп толықтырды Азамат Дүйсенов.

Қазіргі кезде зардап шеккен 2 бала станционарда ем қабылдап жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық. Эпидемияға қарсы жəне алдын алу бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 2018 жылдың 17 қазанында Бурабайдағы ауданаралық көпбейінді аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне ішек жұқпасы сырқатымен 2016 жылы туған (2,4 жасар) бүлдіршін түскен болатын. Ақмола облыстық балалар инфекционисі тексере келе, балаға «асқынған ми қан айнылымының жетіспеушілігі, гастроэнтероколит типі бойынша протромбин идексі, ботулизм» диагнозын қойды. Бүлдіршін 20 қазан күні сағат 05:40-та көз жұмды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз