Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

1990 жылдарды еске түсірейік: Назарбаев қалай Горбачевтан басым түсті

1533
Сурет: Elbasy.kz

Тәуелсіздік жылдарында өскен қазақстандықтардың басым бөлігі КСРО-дағы мемлекеттік басқарудың қандай болғанын білмейді. Сондықтан ең алдымен, кеңестік билік жүйесінің қалай құрылғаны туралы жалпы сипаттағанымыз дұрыс болар.

Формальды түрде елдегі билік  әртүрлі деңгейдегі кеңестердің қолында болды, оның өкілдері біржақты шешіммен сайланатын еді. Бірақ академиктер мен сауыншылар, директорлар мен комбайнерлер партия қабылдаған шешімдерге мойынсұнып, келісім беретін. КСРО Конституциясында бұл тәртіп тиісті Ережемен бекітілген, онда компартия кеңес қоғамының басшылық және бағыттаушы күші екені айтылған. Тиісінше, КСРО-ның нақты көшбасшысы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының (КПСС) Бас хатшысы болды. Бұл билік жүйесі жеті онжылдыққа жуық жұмыс істеді және кейде ол құламайтын, мәгілік жалғасатын билік болып көрінді.

Дағдарыс кезеңі

Дегенмен, 1990 жылдың басына КСРО-да ауыр экономикалық дағдарыс жайлады. Мемлекеттік дүкендердің сөресі бос қалды, алайда тапшы тауарларды сататын көлеңкелі сауда дамыды. Мемлекетке қарсы шыққан ұйымдасқан қылмыстық топтар пайда бола бастады.

Көптеген өңірлерде ұлтаралық негіздегі қатал қақтығыстар болып, олардың кейбірі нағыз соғысқа айналды. Балтық жағалауы республикалар КСРО құрамынан шығу үшін күрес жүргізді. Қысқаша айтқанда, қуатты державаны хаос жайлады.

Әрине, халық орын алған жағдайға партияны кінәлады.

КОКП-ның қоғамдағы беделі көз алдында құлдырады

Барлық жерде антикоммунистік митингілер өтіп, онда Компартияның қатардағы мүшелері өздерінің партиялық билеттерін көпшілік алдында жыртып, өртеді.

Мәскеуде 1990 жылдың 4 ақпанында 300 мың адамға дейін қатысқан бұрын-соңды болмаған наразылық акциясы өтті. Наразылық білдірген мәскеуліктердің  басты талабы Компартияның басшылық рөлі туралы ережені Конституциядан алып тастау болды.

Горбачевтың идеясы

Горбачев қоғам өкілдерінің қысымымен тиісті бапты алып тастау туралы ұсыныс енгізді, сонымен бірге  КСРО президенті лауазымын бекіту идеясын ұсынды. Осылайша, ол КПСС-тан алшақтап, өз беделін сақтауға және нығайтуға ұмтылды.

Коммунистердің консервативті мүшелері бұл идеяға  қарсы болды. Демократтар, өз кезегінде, Горбачевтің бастамасынан кейін диктатура пайда болады деп қауіптенді. Халық депутаттарының III съезінде  Бас хатшының атына сын айтылып,  осы мәселе бойынша өткір пікірталас болды.

Бұл жағдайда Горбачевке Қазақ КСО басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қолдау білдірді

Өз қызметінде ол бір жылдан аз болғанымен,  бүкіл Кеңес Одағының халқы арасында танымал болды. Ал депутаттардың арасында  беделі жоғары еді.

Сол күндері бірден үш депутаттық топ қазақстандық көшбасшының кандидатурасын КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметіне ұсынды, қазақстандық көшбасшыны өзінің негізгі қарсыласы ретінде  көрген Горбачевті бұл жайт қатты алаңдатты.

Бұл уайымның барлығы бекер болды. Одақтас көшбасшысымен конфронтацияға түсуге тырыспаған Назарбаев бас тартып, депутаттардан Горбачевтің өзі ұсынған кандидатураны қолдауды сұрады.

Назарбаевтың ұстанымы

Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылы 14 наурызда   КСРО президенті лауазымын бекіту  туралы бастамаға қатысты пікір білдірді:

«Бүгінгі жеке және қоғамдық қауіпсіздік проблемасын ғана емес, әлеуметтік шиеленісті де жою үшін биліктің жаңа тетігін жұмысқа қосуымыз керек деп санаймын. Президенттік басқару формасынан елдің болашақ бейнесін, заңнамалық және атқарушы биліктің ақылға қонымды арақатынасының сипатын көргеніміз маңызды».

Сонымен қатар, Назарбаев билік жүйесін  реформалауға одақтас республикалар да мұқтаж екенін ашық мәлімдеді.

«Одақтас республикалардың депутаттары, әрине, КСРО президенті лауазымын құруға байланысты көтерілген бастамаға жергілікті мәселелер, аймақтардағы қоғамдық-саяси жағдайдың жай-күйі арқылы қарайды… Елдегі президенттік билік басқа сипатта болуы керек».

Ары қарай Назарбаев  Кеңес Одағының конституциялық құрылымына қатысты өте маңызды мәлімдеме жасады:

«Бұнда  мәселе қоғамдық құрылымдарды көшіруде, еліктеуде және біреумен өкілеттікті бөлу ниетінде емес, мемлекеттік егеменділікте, біздің одақты Егемен кеңестік социалистік мемлекеттер бірлестігі ретінде түсіндіретін КСРО Конституциясында. Бұлай болмаған жағдайда орталықтандырудың күшеюі республикалардың егеменділігінің артуымен қарама қарсы келеді».

Бұл бір жылдан кейін шындыққа айналған аса маңызды мәлімдеме еді, ол Қазақстанның егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет болуына септігін тигізді.

«Жеңілмейтін ойын»

Нәтижесінде Горбачев, Назарбаевтың қолдауының арқасында  мақсатына жетіп, КСРО президенті лауазымын иеленді. Алайда, ол сонда да қазақстандық көшбасшының позициясына риза емес еді. Жылдар өткен соң Горбачев  өзінің естелік жазбаларында  Назарбаевтың, шын мәнінде, оны басып озғанын айтып, өкпесін жасырмай жазды.

«Жарыссөзде алғашқылардың бірі болып Назарбаев сөз сөйледі: президенттік бастамасы мен менің кандидатурамды қолдап, сонымен бірге республикаларда да осы модельді қолдану туралы өз пікірін білдірді…

Былайша айтқанда, тәжірибелі және айлакер қазақстандық көшбасшы өзі жеңілімейтін ойын жүргізді

(…) Мен одақтық республикаларда президенттік бекеттер құру туралы ойламағанымды жасырмаймын ( … ), Мәскеуге қосымша артықшылықтар беруге келісе отырып, республикалар бірден «өз үлесін» талап етті. Бірақ басқа амал жоқ еді. Мұндай тәсілге қарсы шықсақ,  дау дуындап, Конституциядағы өзгерістерді енгізуге ешкім қолдау білдірмес еді. Сонда мен саясат «тәжірибелілердің өнері» екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздім.

Алғашқы демократиялық сайлау

Мәскеуден оралғаннан кейін Назарбаев ҚКП ОК XX Пленумының барысында республикада президент лауазымын құру қажеттігі туралы мәлімдеді.

«Әңгіме жалпы одақтық құрылымдардың көшірмесін жасау туралы емес, мемлекеттік тәртіпті нығайтудың пәрменді тетігін талап ететін егеменді республика туралы болып отыр… Республикада президент институтын құру республикалық дербестікті нығайтуға,  заңның атқарушы билік ретіндегі рөлін белгілеуге мүмкіндік берер еді».

Осы уақытта Қазақстанда 12-ші шақырылымның Жоғарғы Кеңесіне сайлау өтті. Бұл кандидаттар арасында күрес тудырған, алғашқы ашық демократиялық сайлау болды. Дәл осы Жоғарғы Кеңес жаңа лауазымды белгілеп, Қазақ КСР Президентін сайлады.

Алайда, дау-жанжалды көңіл-күйдегі халық қалаулылары да республика басшысының жаңа лауазымын белгілеу идеясын да, сондай-ақ осы лауазымға  ұсынылған Назарбаевтың кандидатурасын да қолдады. Әртүрлі сылтаулармен бірнеше депутат қана қарсы шықты, бірақ олардың қарсыласуды ұйымдастырудағы талпынысы сәтсіз болды. Осы себепті сайлау баламасыз болды.

«Невада-Семей» қозғалысының көшбасшысы Олжас Сүлейменовті кандидат ретінде ұсынғысы келгендер болды, бірақ ол бас тартты.

Нәтижесінде 1990 жылы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңестің 317 депутаты (88%)  дауыс беріп, Қазақ КСР Президентігіне Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады.

Осындай күрделі және көп қабатты тарихи жағдайларда Қазақстанда президенттік институт пайда болды. Тәуелсіз Қазақстанды құруда маңызды рөл атқарған Институт.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз