Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“19-ақ жаста едім…”. Заманбек Нұрқаділовті еске алған Қарақат көз жасын көл қылды (видео)

156

https://kaz.365info.kz/boksesin-lakhtyryp-zamanaui-bi-bilegen-kharakhat-synnyn-astynda-khaldy-video-310173

 

“Жігіттің төресі деген атаққа лайықты нағыз азаматтың бірі Заманбек ағамыз еді ғой… Әлі ел тани қоймаған балаң кезімнің өзінде жас деп жабырқатпай арқамыздан қағып дем беріп жүретін.

Небәрі 19 жастағы студент кезімде “Мерей құлыншаққа арналған үлкен тойдың қонағы болыңыз” деген шақырту алдым. Тойда ел танитын, атағынан ат үркетін қайраткерлер көп-ақ болды, сонда бізді баласынбай төріне шығарған Зәкең мен Мақпал апайымның көрегендігіне тәнті болып едім”, – деп есіне алды әнші.

https://kaz.365info.kz/ara-at-ydyke-menen-b-ryn-bir-jelden-azhyras-an-238602

 

“Басшылық қызметте тұрғанда Зәкеңнің шапағатын көрмеген өнер қайраткерлері кемде кем шығар. Аға деп барған адамның бетін қайтармайтын беттілігі, дана деп барған адамнан ақылын аямайтын тектілігі бір төбе еді. Кейбір ел ағасы деп жүрген кісілердің сәл көтерілсе атын ұмытып қалатын кісілігін көргенде “қайран, Заманбек ағам-ай” деп бір күрсініп қоясың. Жатқан жерің жаннат болсын заңғар аға!”, – деп жазды ол.

Әншінің бұл жазбасын оқыған оқырмандар да көзіне жас алғанын жарыса жазды.

 

View this post on Instagram

"Біздің елдің жігіттері, жігіттердің төресі.." Жігіттің төресі деген атаққа лайықты нағыз азаматтың бірі Заманбек ағамыз еді ғой… Әлі ел тани қоймаған балаң кезімнің өзінде жас деп жабырқатпай арқамыздан қағып дем беріп жүретін.. Небәрі 19 жастағы студент кезімде "Мерей құлыншаққа арналған үлкен тойдың қонағы болыңыз" деген шақырту алдым.. Тойда ел танитын, атағынан ат үркетін қайраткерлер көп-ақ болды, сонда бізді баласынбай төріне шығарған Зәкең мен Мақпал апайымның көрегендігіне тәнті болып едім.. Кейін Қыдыр екеуміз қосылғанда шаңырағымыздың құрметті қонағы болып отырып "Қыдыр сен Қарақатты ошақтың басына байламай жарқыратып саxнаның төріне шығар, Мақпал апасы сияқты xалқына еңбет етсін, өнерде жүрген қыздар тек аялауға лайықты" деп шегелеп айтып еді.. Сол бір жылы сөз біздің жадымызда өмір бойы сақталып қалыпты.. Басшылық қызметте тұрғанда Зәкеңнің шапағатын көрмеген өнер қайраткерлері кемде кем шығар.. Аға деп барған адамның бетін қайтармайтын беттілігі, дана деп барған адамнан ақылын аямайтын тектілігі бір төбе еді.. Кейбір ел ағасы деп жүрген кісілердің сәл көтерілсе атын ұмытып қалатын кісілігін көргенде "қайран Заманбек ағам-ай" деп бір күрсініп қоясың.. Жатқан жерің жаннат болсын заңғар аға..! Ал,@zhunusova.makpal апайымның мен үшін әншілігі бір төбе,адамгершілігі бір төбе… Жақсы көрем жақсы адамдар жасасын!😘💐 #архив#тариxисәт

A post shared by @ karakat_a on

https://kaz.365info.kz/tukamen-syjyspady-ma-zh-ldyzaj-nege-zh-myssyz-aldy-237977

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз