Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

18 жастағы қостанайлық қыздың өлімі: екі полицей қамауға алынды

Жергілікті полиция қызметінің старшинасы және аға сержанты ұсталып, уақытша тергеу оқшаулағышына қамалған.

«20 шілдеде 22 :16-да қаланың Ішкі істер басқармасының Жедел басқару орталығының «102» операторынан Қостанай-Затобол жолында белгісіз ер адамның әйелге зорлық көрсетіп жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген полицейлер жолға жақын ағаш отырғызылған аумақты жіті қарамаған. Кейін белгілі болғандай, зардап шеккен қыздың денесі дәл сол маңда жатқан. Осылайша, ІІД-нің Жеке қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкерлерінің міндеттерін орындау кезінде немқұрайлық танытқанын анықтап отыр», – деді ІІД өкілі.

Ішкі істер департаменті Жеке қауіпсіздік басқармасының тергеушісі полицейлерді қамауға алу туралы өтініш білдірген соң сот қолдау көрсетті.

Полицейлердің ісіне қатысты ҚР ҚК 371-бабы («Немқұрайлылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 18 жастағы Дарья Махартова 20 шілде күні сағат 22.00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған. Із-түзсіз жоғалып кеткен Затобол ауылы тұрғынының денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды. ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Кейінірек полицейлер күдіктінің фотороботын жасап шығарды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз