Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

17 жыл бұрын елге оралған отбасы ай сайын айыппұл төлеп отыруға мәжбүр

Отбасы бұл жағдайға көші-қон полициясын кінәлайды.

Бекмұрзаевтар отбасы Қазақстанға 17 жыл бұрын көшіп келсе де, олар үшін осы елдің азаматы атану әлі күнге дейін арман болып келеді. Жанұя Қызылорда облысына келген 2001 жылдан бастап азаматтық алуға құзырлы органдарға құжаттарын өткізеді. Бақытгүл Төлегенова бір жылдың ішінде азаматтығын алып үлгереді. Алайда оның жолдасы мен ұлының ұлты бөлек болғандықтан, оларға азаматтық алу 17 жылдан бері мүмкін болмай отыр дейді. Ал бұл жағдайға Бақытгүл о баста тапсырған құжаттарын жоғалтып алған көші-қон полициясы қызметкерлерін кінәлайды.

“Көші-қон полициясына келіп тапсырғанбыз құжаттарымызды. Енді құжаттарымыз жоқ. Біздің бармаған жеріміз жоқ. Енді сұрасақ біздің құжатымыз жоғалып кетіп жатыр. Өзім қазақ болғандықтан азаматтығымды алдым. Ұлым менен күйеуіме әлі азаматтық бермей жатыр”, – дейді Бақытгүл Төлегенова.

Қазақстанның азаматы болу арман болған жанұяның отағасы Ахмет пен ұлы Нәдірбай Бекмұрзаевтар бүгінде еш елдің тізімінде жоқ екен. Сол үшін тұрақты жұмысқа орналасып, табыс та таба алмаймыз дейді. Оның үстіне тәртіп сақшылары көшеде жүргенімізді көрсе, қамап тастайды деп күйінеді.

“Я Өзбекстан бермейді, я Қазақстан бермейді. Ел қатарлы немеремді бағып отырсам деймін. Полиция көрсем қашамын, қорқыныштан”, – дейді Ахмет Бекмұрзаев.

Оралман отбасы мүшелерінің айтуынша, енді азаматтықтарын алмағаны үшін Ахмет Бекмұрзаев пен Нәдірбай Бекмұрзаевқа әр үш ай сайын 60 мың теңгеге жуық айыппұл төлеп отыруға міндеттелген екен. Ал бұл мәселеге қатысты құзырлы органдар жауап беруді ертеңге қалдырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз