Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

16 мың адамды кәсіпкерлікке тарттық – Қызылорда облысының әкімі

Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын облыс әкімдігі, мәслихат, «Нұр Отан» партиясының филиалы және Қоғамдық кеңес 2018 жылды облыс бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялау туралы бірлескен шешім қабылдады. Өңірде “Жол картасы” кешенді бағдарламасын әзірленіп,оны жүзеге асыру үшін ағымдағы жылы барлық қаржы көздері есебінен 32 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамытуға жергілікті бюджеттен қосымша 500 млн. теңге микрокредитті Өңірлік инвестициялық орталық арқылы, ал, Бизнестің Жол картасы аясында берілетін микрокредиттер бойынша пайыздық мөлшерді субсидиялауға 539 млн теңге бөліп отырмыз. Кәсіпкерлік субъектілеріне көмек ретінде біз «Қазақтелеком» АҚ және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп цифрлық платформаны енгізіп жатырмыз”, – деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек Қырымбек Көшербаев агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына 11 млрд теңге инвестиция тартылғанын айтты.

«Осы уақытқа дейін ресми мәліметтер бойынша, агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына 11 млрд теңге инвестиция тартылған. Яғни, соңғы 5 жылда осы салаға құйылған инвестиция көлемі 23 есеге артты. Бұл біздің ауылшаруашылығы өнімін өндірушілеріміздің қаржылық мүмкіндіктерін, олардың дамығандығын көрсетеді. Нәтижесінде, бірнеше жыл қатарынан ауыл шаруашылығы өндірісінің өсіміне қол жеткізіп отырмыз. 2017 жылы – 4,1 пайызға артып отыр», – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, аймақта егін шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасы нәтижелі жүзеге асуда. Соңғы 3 жылда мал азығы және майлы дақылдар егістігі 6 мың гектарға ұлғайды. Ал, күрішшілер әдеттегі рекордты тағы да жаңартып, бұрын-соңды болмаған егін – 500 мың тоннадан астам күріш жинады. Нәтижесінде, жалпы күріш жинау осы жылдар аралығында 2 есеге артты.

“Байқоңыр” агрохолдингінің құрылуы аймақтағы күріш кластерін дамытуға ықпал етті. Айта кету керек, Ыбырай Жахаев атындағы ғылыми-зерттеу институты және Бүкілресейлік күріш институты бірлесіп Қызылорда облысы үшін арнайы күріш сұрыптарын шығаруда.

«Бүгінгі мал басының барлық түрлерінің өсімі бойынша көрсеткіштер облыс үшін ең табысты болған 1993 жылдан 43 процентке асып түсті. Тек соңғы бір жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару 37 процентке өсті. Оның ішінде күріш экспорты – 39 процентке, бақша өнімдері – 3,5 есеге, көкөніс – 2 есеге өсіп отыр»,-деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Бүгін, 2018 жылдың 14 ақпан күні, Бекежанов атындағы облыстық драма театрында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың халық алдында есеп беру кездесуі болып өтті.

Кездесуге ҚР Президент Әкімшілігінің өкілі Н.Тлешов,ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілі – С.Қизат, ҚР Ішкі істер министрі-Қ.Қасымов,«Нұр Отан» партиясының хатшысы- Ғ.Әбдірахымов, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, 264 елді-мекеннің өкілдері және саяси партиялар мен қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңес, сондай-ақ, еңбек ұжымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Есепті кездесудің тікелей трансляциясы «Facebook» және «Youtube» желілеріндегі «Қызылорда облысының әкімдігі» ресми парақшалары арқылы таратылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз