Тараз қаласыныӊ №2 соты Жамбыл облыстық әкімдігі денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы болып жұмыс істеп жүріп, өзіне бағынышты медициналық мекемелердіӊ басшыларынан заӊсыз алым-салық жинаған Е.Масалимовке қатысты үкім шығарды.
Бұл туралы BAQ.kz хабарлайды.
Қалалық перинаталды орталықтыӊ бас дәрігері К.Сағынғалиева мекемеге тасымалды рентген аппаратыныӊ, халыққа медициналық көмек көрсету үшін керек екендігін айтып, бірнеше рет Е.Масалимовке жолыққан, алайда, Е.Масалимов осы мәселені оӊынан шешу үшін материалдық сыйақы беру керектігін меңзейді.
Ұсынысының парасыз шешілмейтіндігін түсінген К.Сағынғалиева Е.Масалимовке 150 000 теӊге пара берген. Мұнан соң мәселе ойдағыдай шешіледі.
Дегенмен, дәніккеннен құныққан жаман дегендей, осымен ғана тоқталып қалмаған Е.Масалимов өзініӊ заӊсыз әрекетін жалғастырып, басқа да медицина қызметкерлерін қылмысқа итермелеп отырған.
Ақыры, көзі ақшаға тоймай, параға құныққан шенеуніктің әрекеті әшкере болды. Тараз қалалық №2 сотыныӊ 29.08.2016 жылғы үкімімен Е.Масалимов Қазақстан Республикасы ҚК 361-бабы 2-бөлігі 1, 4-тармақтарымен (Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану), 366-бабыныӊ 3-бөлігімен (Пара алу) кінәлі деп танылды.
Е.Масалимовке оныӊ меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа және сол қаржыға сатып алынған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өзі алған параныӊ 70 (жетпіс) еселенген сомасы мөлшерінде, яғни, 10 млн 767 мың 050 теӊге айыппұл төлету жазасы белгіленді.