Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

15 жасар қыздардың арасында пәктігінен айырылғандары қаншама…

211

Ал, қазақ, „мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің халін түзе!” – Мұхтар Әуезовтың осы сөзі әлі де өзекті. Тіпті, өткір тұр. Қазіргі заманның талғамынан алып қарағанда,

“қазақ қызының халін түзеу” бірінші мақсатқа айналғандай. 

Белгілі суретші-иллюстратор Аңсаған Мұстафа өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында дәл осы мәселені көтеріпті. Иә, Аңсаған бұл дүниені алғаш айтып жүрген жоқ. 

„Қыз күйеуге қыз боп тиюі керек”.  “Әркіммен жүрмеуі керек, тиейін деп жатқан күйеуін әкесіне көрсетіп алуы керек, уаххабит боп шықпас үшін…”. “Қыз өзін-өзі сыйлата білуі керек, ешкімнің оны ұруға құқы жоқ”. “Қыздар сендер ең бірінші еліміздің азаматысыңдар,” – деп жүрген осы Аңсаған. 

Бұған байланысты ол былай деп ой бөлісіпті: 

– Мұндағы мақсатым – дұрыс қоғам болса екен деген ой. Біреулер ойлайды, еріккеннен айтып жүрген ісі деп. Олай емес. Бұл қолдан келген қорғанышым жастарға, балаларым өскенде, айналасында тек жақсы адамдар болса екен деген ниет.

Балаларды алып Америкаға көшіп кете алмаймын, сондықтан осы жерді дұрыстау керек,

– дейді Аңсаған.

Қазақ қыздарының мәселесін қайта көтеруге Алматыдағы ‪БҰҰ қорының бір шарасы себеп болыпты. Әлгі шарада балаларды бала кезінде жүкті болдырмау, неше түрлі жаман аурулардың алдын алу, балаларға түсіндіру туралы бағдарлама көрсетіліпті.

 – Статистиканы көрсетті, денем түршігіп кетті. 15 жасар қыздардың арасында қыз емес боп қалғандары қаншама. “Мамочки”. Ойлайсыңдар ғой, менің балам бала, оның (көршінің) қызы бұзылған деп. Негізінде баламен дос болу керек. Сөйлесу керек. Түсіндіру керек. Бұндай әңгімеден қашпау керек.

Топас еркектерде топас намыс бар.

Иә, Аңсаған Мұстафа дәл солай дейді. Айтуынша, қызы екіқабат болғанын білген бойда үйден қуып шығатын еркектер нағыз топас.  

– Өзі не істерін білмей, өлгісі келіп тұрған қыз бала, өліп те кетіп жатқан жағдайлар бар.

Топас болмаңдар, қыз да ұл да 13-ке келген бойда сөйлесе бастаңдар. Ол баланың ойын бұзу емес. Сақтау.

Соны қашан түсінеді еркектер? Соны айтып шаршадым. Мамасы сөйлесу керек дейсіңдер ме? Мамасы өмір бойы “жезөкше” болған болуы мүмкін, оған қызының өйткені норма болуы мүмкін.

Еркектер қыздарыңды қолға алыңдар. Қамқор болыңдар, ақырындап сөйлесіңдер, – дейді суретші.

Сөзінің соңын Аңсаған Мұстафа:

“Баланы ұратын әкеден, әйелді ұратын байдан, қызды жүргіш жігіттен, жақсы жігітті жаман жүргіш қатыннан сақтасын. Мен білем көп адам мені жек көреді. Маған бәрібір. Мен мына жерде бетімді жылтыратып алып, фотоға түсіп, керемет болып көрінгім келмейді. Қолымнан келгенше еліме пайдам тисе болды,” – деп аяқтапты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз