Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қызы темекі тартқаны үшін анасы жауапқа тартылды

Іс материалдары бойынша,оның кәмелетке толмаған 2003 жылы туған қызы Б. қоғамдық орында, яғни Геолог поселкесінде орналасқан автотұрақта темекі шегіп, темекінің қалдығын жерге тастаған. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында кәмелетке толмаған Б. істің мән-жайын қуаттап, өзінің кінәсін мойындап, әрекетіне өкінді, алдағы уақытта қоғамдық тәртіпті сақтауға міндеттенді.

Сотпен азаматша А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 435-бабымен кінәлі деп танылып, оған 11 785 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз