Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде ең жоғары 140 баллды Алматы қаласының түлегі жинады, деп хабарлайды Sputnik білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
“Құдайбергенова Шиара Әбдірахымқызы, Алматы қаласының №123 мектеп-гимназиясының түлегі, ең жоғары балл жинады – 140. Шиара 25 маусымда Ұлттық аграрлық университет базасында тест тапсырған. Шиара мен оның ата-анасын, ұстаздарын құттықтаймыз”, —делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.