Атырауда 79 ұрпақ таратқан отбасы марапатталды.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. 14 бала өсіріп, 51 немере, 14 шөбере сүйіп отырған атыраулық Жұмағазиевтер жанұясы “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының облыстық деңгейінде жеңімпаз атанды.
Елу жылға жуық ғұмырын білім беру саласына арнаған отағасы Закария Жұмағазиев – “Ерен еңбегі үшін”, “Аға мұғалім” секілді бірнеше ордендердің иегері.
Жұбайы Тотанмен 5 ұл, 9 қыз тәрбиелеп, 51 немереден 14 шөбере сүйген бақытты отбасы. Бүгінде Исатай ауданында тұрады. Мерейлі жанұяның 10 баласы мен 3 немересі де ата жолын қуып, ұстаздық мамандығын таңдапты.