Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

12 жастағы қыздың асқазанынан 3 келідей сағыз аралас шаш шықты

Жергілікті аурухананың хирургы Бюлент Эреноглу 12 жастағы қызды қарап, қарын бөлігінің нығыздап қатайғанын байқайды. Томография түсіріліп, кейін балақайға операция жасалады.

Оның асқазанынан 2 келі 800 грамм болатын шаш пен сағыздан құралған масса шыққан. Ал баланың ішінен шыққан кесектің диаметрі 20 сантиметрді құраған.

Неслихан өзінің шашын шайнауды, бұған қоса шайнаған сағыздарын жұтуды әдетке айналдырып келген екен.

«Ол 50-ге жуық сағыз жұтқан, соның салдарынан асқазанындағы жұтқан шаштары қатты массаға айнала берген. Неслихан ішінің қатуына, қарнының ауруына және нашар тәбетіне шағымданған. Ал негізі шашты жеу – ол ауру. Оны медицинада трихотилломания деп атайды»,

– дейді Бюлент Эреноглу.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз