Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

12 жасар баланың із-түссіз жоғалып кеткеніне 4 ай болды

Шымкентте 12 жасар Руслан Нұртораев 22 маусымда жоғалып кеткен.

«Дүкенге шығып кеткен ол, үйге оралмаған. Содан бері 4 ай өтті. Баладан әлі күнге дейін еш хабар жоқ. Руслан өгей шешесінің қолында тұрған. Бірақ олардың қарым-қатынасы жақсы болыпты. Қазір баланың әкесі уайымнан өзін қоярға жер таппай отыр», – дейді еріктілер тобы.

Баланың жақын туысқандары оның мектепте жақсы оқитынын және бұзақылық әрекетке әуес болмағанын айтқан.  Олар баланың жоғалғаны туралы полицияға арыз жазған. Русланның бойы – 1,50 см, шашы қара.

Сол күні үстіне сұр футболка және көк шалбар киген. Баланың жақындары егер Руслан туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса +7 778 100 14 35 телефон нөміріне хабарласуларын сұрайды.

Дереккөз: sn.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз