Атырау қаласының №2 соты «Атыраулық хакер» атанған Нұрлан Жаңбырбаевты «адамдарды алдау арқылы бірнеше рет ірі мөлшерде ақша жымқырды» деп айыптады. Оған қатысты қылмыстық іс ҚК-тің 190-бабының 3-бөлігінің 1, 4-тармақтары бойынша қаралды.
Ресми мәліметке сәйкес, Жаңбырбаев 2022, 2024, 2025 жылдары әр түрлі қызметтер ұсынып, 12 адамның сеніміне кіріп, олардың 13 миллион 361 мың теңгесін иемденген.
«Атыраулық хакер» кінәсін мойындады. Ол жәбірленушілерге келтірілген мүліктік залалдың 10 миллион 392 мың теңгесін өтеген. Сот оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындады.