Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

11 жасар қазақ қызы елге тағы жүлде әкелді

111

2 жыл джи-джитсумен айналысқан Жібек екі жыл ішінде айтарлықтай нәтиже көрсетті. Ол қыздарға қарағанда ұлдармен күш сынасқанды жақсы көретінін айтты.

«Жібек Құлымбетова бізге жаттығуға 9 жасынан бастап келген болатын. Осы шамамен екі жылдың ішінде біраз жетістікке жетті.  Kazakhstan National Pro халықаралық турнирінде және Қырғызстанда өткен Alay оpen турнирінде, Алматыдағы Arlan Grip Selection халықаралық турнирінде грэпплинг және джи-джитсу спортынан ұлдар арасында бірнеше рет чемпион атанды», – деді Жібектің жаттықтырушысы Нұрсұлтан ОРЫНБАСАРОВ.

Жібектің жекпе-жегінің ерекшелігі оның жігіттермен айқасуында. Оның үстіне бұл спортта Жібектің салмағында айналысатын қыздар саны аз.

«Әкесі де, мен де қарсы болған жоқпыз. Өйткені, жарысқа барғанда қыз бала аз болғандықтан медальды әншейін бере салмақ болыпты. Бірақ қарсылас жоқ екен деп бере салған жеңістен гөрі, күресіп алған жеңісі қымбат емес пе. Оның үстіне, тәжірибе де жинап қалады. Сонша алыстан барғанда жеңіп қайтуына бір себеп болсын деп, ұлдармен күресуіне рұқсат бердік», – деді Жібектің анасы Құлпынай Құлымбетова.

Жібек 30 келі салмақта күресіп жүр.

«Маған қыздарға қарағанда, ұлдармен күш сынасқан ұнайды. Өйткені ұлдармен күш сынасқан қызығырақ. Жарыстарда көбінесе ұлдармен шығамын. Оларды мен жеңіп кетемін», – дейді джи-джитсудан әлем чемпионы Жібек Құлымбетова.

Алдағы уақытта чепион қыз Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған Astana Cup турнирінде  Бразилия, Қырғызстан, Өзбекстан сынды шет мемлекеттердің спортшыларымен күш сынасады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз