Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
5
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

11 саны – құбыжық сан. Рас па?

254

Иә, сол күні Бейбарыс бастаған мұсылман әскері кресшілерді талқандап, қасиетті Мысыр жерінен түре қуып шықты» деп жазады. Содан кейін батыстың Кресшілері ол өлкеге жорық жасауды доғарған. Қарап тұрсаңыз, дүние тарихында аты алтын әріппен жазылып қалған, Мысырды билеген қандасымыз атақты Бейбарыс сұлтанның кресшілерді талқандап, мәңгілікке қуып шығатын күн 11-і екен. Кездейсоқтық па, әлде…

Бұл – тарихи оқиға. Тағы да арғы тарихқа көз жүгіртсек, Рим империясының қабырғасын сөккен, әлемге ұлы қолбасшы Аттила деген аты қалған ғұн басшысының Каталаун жазығында рим және вестготтардың армиясын талқандаған кезі біздің дәуірімізге дейінгі 451 жылдың маусым айының 11 мен (осы күні соғыс басталған) шілде айының 11-нің арасы. Аттила мен Рим қолбасшысы Аэция және вестгот королі Теодорих арасындағы қанды қырғын әлем тарихында өзіндік орны бар дата. Осыдан кейін-ақ, Еуропа Рим құлдығынан азат болды. Содан болар, Еуропа халқы Аттиланы әлі күнге құлдық дәуірден азат етуші ретінде таниды. Он мыңдаған жолдық дастандарының басты қаһарманы етіп жырлады. Жүздеген көркем шығарма, ондаған деректі және көркем көркем фильм, сондай-ақ мыңдаған дерек пен дәйекке құрылған ғылыми еңбек жазды. Әлі де жазылуда.
https://kaz.365info.kz/yly-narkoman-khyzy-lesbiyan-dzheki-chan-turaly-ylken-shyndykh-316496
Кейбір деректердің әлем тарихында өзіндік орны бар Ұлы қолбасшы – Македон патшасы Александр Македонский біздің дәуірімізге дейінгі 365 жылы 11 шілдесінде дүниеге келіп, 323 жылы 11 маусымда бақилық болған дегенді келтіреді. Дүние тарихындағы Ұлы тұлға, Ұлы қолбасшының туғаны да, өлгені де 11-і деген күнге тіреліп тұр. Нумерологтар «11 деген сан қасіретті сан болғанымен, әлем тарихында үлкен оқиғалармен ерекшелеген дата» деседі. Қарап тұрсақ, Бейбарыстың кресшілерді тоқтатқан күні, Аттиланың Рим империясының қабырғасын қақыратқан кезі, алып империя құрған (өзі өлген күні тарқап кеткен) Александр Македонскийдің туғаны мен өлген кезі 11 санына тіреліп тұр. Ұлы қолбасшылардың атын қалдырған бұл күндердің әлем тарихында ерекше орны бар. Яғни 11 санының тегін емес екенін осыдан-ақ байқауға болады.

Нумерологтар 11 санын бір тылсым дүниемен теңестіруінде үлкен мән бар. Мысалы, 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ- тың Нью-Йорк қаласында болған трагедияны алайық. Бұл жөнінде үнді нумерологтары өз болжамын айтқаны белгілі. Олардың келтіргеніне қарасақ, теракты болған күн қыркүйектің 11-жұлдызы. Есепке салып жіберсек жылдың 254 күніне тең келеді. Нумерология есебі бойынша 254 дегенді бөлшектеп қарасаң, мынадай сан шығады 2+5+4=11. Көрдіңіз бе, 11 деген сан шығып тұр. 11 қыркүйектен кейін жылдың бітуіне 111 күн қалады екен. Бұл да тегін емес деседі үнді нумерологтары.
https://kaz.365info.kz/ystatkham-zhokh-shakarimnin-erotikalykh-olenine-zhalanashtangan-model-khyz-sykhbat-berdi-314948
Тағы да бір жағдай, Манхэттендегі қос мұнараға соғылған ұшақтардың рейстік номерлері де 11 деген санымен таңбаланған. №11 рейсті алғашқы ұшақ бірінші мұнараға соғылған. Ұшақта 92 жолаушы болған. Енді бөлшектеп жіберсек 9+2= 11 деген сан шығады. Ал екінші мұнараға соғылған ұшақта 65 адам болғаны белгілі. Тағы да бөлшектеп жіберсек –6+5=11. Сондай-ақ үнді нумерологтары қаланың тарихына да зерттеу жүргізіпті. Сөйтсе, Нью-Йорк Америка Құрама Штаттарына есеп бойынша 11-болып еніпті. Ал қос мұнара (кей жерде егіз мұнара деп жатады) орналасқан Манхэттен аралы ХVII ғасырда 11 қыркүйек күні ағылшын теңіз саяхатшысы Генри Гудзон ашқан екен. Қаланың ағылшынша жазылатын транскрипциясына назар аударатын болсақ та (New York City) 11 деген сан шығады. Бұдан кейін АҚШ «бізге шабуыл жасады» деп зымырандық соққы беріп, басып кірген ел – Ауғанстан да ағылшынша жазылғанда (Afghanistan) 11 саны шығып тұр. Ал сол 11 қыркүйек күні үшінші бір ұшақ құлаған Пентагонның (АҚШ Қорғаныс министрлігі орталығы) ағылшынша нұсқасына қарайтын болсақ, (the Pentagon) 11 деген санды көреміз. Тіпті егіз мұнараның өзі алыстан 11 деген санға ұқсап тұрады екен. «Яғни арғы –бергі тарихы тек 11 деген саннан тұратын бұл қос мұнара әу баста-ақ, қасірет пен қайғының белгісі болған. Оны былайғы жұрт біле бермейді. Нумерология заңдылығына сүйенетін болсақ, түбі ол апатқа ұшырауы тиіс еді. Ақыры солай болды» деседі нумерологтар. Бұл жөнінде Ресей академигі, эзотерия саласын зерттеуші Борис Шапиро-Тулин: «11 саны барлық құпия кітаптарда «жынды» деген мағына береді. Тіпті Каббалада: 11 саны екі бағанадан тұрады, бұл ашу-ыза, соқыр қара күш деген мағына береді» деп айтылған. Шындығы осы. Жалпы 11 саны өлім белгісі, бақилық жолға алып баратын қақпа ретінде айтылады» дейді.

Еуропа халқы 11-і күні туғандарды әлсіз, жігерсіз, сенімсіз, ісіне жауапкершілікпен қарамайтын, қиын жағдайда жанындағы адамды сатып кететіндер тобына жатқызады екен.

Жалпы нумерология заңдылығында 11 саны – құбыжық сан.

Яғни, қайғы-қасіреттің, жолы болмаушылықтың, күйреудің таңбасы.

Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/endi-khorkhamyn-33-zhaskha-dejin-paktigin-sakhtagan-ajeldin-syry-305551

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз