Белгілі физик-теоретик Стивен Хокинг адамзат жаһандық апаттан аман қалмайтынын, сондықтан алдағы 100 жылда жаңа ғаламшарға көшу керек деп мәлімдеді.
Бұл туралы Вести.Ru сайтында сілтеме жасап, Тengrinews.kz хабарлады.
Мұның алдында Хокинг уақыт өткен сайын жаһандық апаттың болу мүмкіндігі артып келе жатқанын айтқан. Ғалым апат алдағы 1000-10000 жылда болады деп болжады. Мұнан қашып құтылудың жолы басқа ғаламшарларға көшу екенін айтады физик.
Ғалымның пікірінше, адамзат үшін негізгі қауіптер қатарында Жерге астеройдтардың құлауы, климаттың өзгеруі мен Жер бетіндегі адамзат санының шектен тыс артуы жатады. Бұл қауіптер қатарына ядролық соғыс, жаһандық жылу, генетикалық модефикацияланған вирустар мен жасанды интелект те жатқызылған болатын.