Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«100 жаңа есім» жобасына еліміздің түкпір-түкпірінен 1700-ден астам өтініш түсті

Еліміздің гүлденуіне өлшеусіз үлес қосқан азаматтың ішінде 200-ден астам павлодарлық бар. Олар – медицина, педагогика, өндіріс саласында еңбек етіп жүрген қарапайым азаматтар. Ел дамуына атсалысқан жас және орта буын өкілдері туралы мәліметтер түрлі интернет ресурстарда жарияланған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан жобаға қатысушыларды тіркеу жыл соңына дейін жалғасады.

Ержан Бағдатов, бастамашыл топ мүшесі:

– Осындай жобаға қоғамның үлесі керек. Атсалысып, осындай жобаға көбірек қатысу керек деп ойлаймыз. Бұл жобаның мақсаты – қазақстандықтарға жалпы біздің ортамызда жүрген адамдардың істеген жұмыстарын, олардың қандай үлес қосып жатқанын көрсету.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз