Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“100 жаңа есім”. Елге үлгі жобаға Қызылордадан 7 үміткер қатысуда

189

Нұридин Әмитов, хирург:

– Дәрігер болып жұмыс атқарғаныма өкінбеймін, өз мамандығым өзіме ұнайды. Хирург мамандығы – шешімді тез қабылдауды қажет ететін, білімділікті көп қажет ететін және тәжірибені керек ететін мамандық. Мақсатымыз – елге, халыққа қызмет қылу, барлығына жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету.

73 жастағы Тұрсынкүл әжей 3 жылдан бері өті толып, мазасыз күндерді бастан кешіп жүрген. Соңғы уақытта тіпті жүріп-тұруы мұң болған. Бұған дейін жүрегі және өзге мүшелеріне 3 операция жасатқан қария «төртінші рет пышаққа түскенді кәрі ағзам көтере алады ма» деп те қауіптенгені рас. Епті қолды хирург науқастың өт жолын жапқан жаңғақтай тасты қан шығармай алып тастап, қартты уайым мен аурудан арылтты.

Тұрсынкүл Жаңбыршиева, Қызылорда қаласының тұрғыны:

– Қай дәрігер жақсы екен деп әркімнен сұрап барып келдім енді шынын айтқанда. Сол кезде маған көп жұрттың айтқаны осы Әмитов Нұридин деген хирург өте жақсы, қолы жеңіл тәжірибелі дәрігер деген. Палатаға алып келгенде мен есімді жиып, жарты сағатта жасап бітті тез, жеңіл болған екен. Үлкен тас алды өтімнен. Ертеңіне аяғымды басып, жүріп кеттім.

Нұридин Әмитов, хирург:

– Егер науқас айығып, сауығып, отбасына қайтып жатса, бірге қуанамыз. Әртүрлі жағдайлар болады өмірде. Басқа қиын жағдай болып жатса, солармен бірге өкінесің. Өз ісіне әбден берілген дәрігер енді ағза ауыстыру, қансыз және пышақсыз микрооперациялар жасауды облыстық медицина орталығында қолға алу жолында тынбай ізденіп жүр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз