Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
9
USD
445
+0.77
EUR
478
+2.56
RUB
4.85
+0.02

“100 емес, 102 жаңа есім”. Елбасы бүгінгінің батырларымен кездесті

266

«100 жаңа есім»! Дұрысы, 102 адамның есімі елдің есінде қалмақ.  Неге 102 дерсіз. Онлайн дауыс беру арқ­ылы жобаны­ң­ іріктеу кезе­ң­інен 2 мыңнан астам үміткердің ішінен осыншама же­ң­імпаз аны­қ­талды. Саны бойынш­а алғ­аш­қ­ы ж­ү­здіктен с­ә­л ғ­ана төмен т­ұ­рған екі үміткерді де тізімге ­қ­осу туралы шешім қабылданды.

Бас-аяғы бұл жобада 340 мы­ң­нан аста­м ­қ­аза­қ­станды­қ­ ө­здері таңда­ғ­ан т­ұ­л­ғ­алар­ғ­а 1 миллион 376 мы­ң­ дауыс берген.

Озған жұрт несімен озық? «100 жаңа есім» – бұл бүгінгінің батыры мен ақыны, қамқорлық пен қайырымдылық жасаушы азаматтар.

Ерлан Күмісқалиев, «Атырау – маленькая страна» ҚБ төрағасы:

– Осы 100 жаңа есімге кіргеніміне қуаныштымын. Өйткені бұл үлкен дем беретін, жігер беретін жоба. Талай балаларымызға жарық келтіреміз. Я болмаса, өмірлерінің сапасын өзгертеміз деген үміттемін. Өздеріміздің орталығымыз бар. Онда миға терең зақым алған жаттықтыру өтеді, сауықтыру өтеді. Біз ерекше балаларға көмектесуге тырысамыз.

Қайрат Үмбетов, ҚР Ұлттық гвардиясы 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары:

– 100 жаңа есім форумына қатысып отырғаныма қуаныштымын. 2016 жылы қызмет бабында жасаған ерлігім үшін Елбасының қолынан мемлекеттік наградамен марапатталдым.

Мерекеге қатысу себебі осы.  Халық қалаған, аймақ қолдаған тұлғалармен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кездесті. Елден ерек есімдермен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–  Бұл ортаға өңшең даналығымен һәм  даралығымен ерекшеленгендер жиналды. Туған жерінде мерейлі істерімен танылған азаматтар. Міне, осы  тұлғалар  өскелең ұрпаққа өнеге болып, ұлттық рух беріп, жастарды алға жетелеуі тиіс. Халықтың санасын жаңғыртатын да осылар. Президент осылай деді.

100 жаңа тұлғаның ішінен бірінші болып Президент алдында Рахат-Би Әбдісағын сөз сөйледі. Қазақстандағы ең жас композитор, пианист. 13 жасында – студент, он жетісінде – магистрант, енді он сегіз жасында әлемнің үздік музыкалық Академияларының біріне докторантураға жолдама алды.

Рахат-Би Әбдісағын, композитор, пианист:

– Академияны 1585 жылы Рим Папасы салған. Бұл – әлемдегі ең озық музыкалық мектептердің бірі. Жүздеген үміткердің ішінен тек үздік бес талапкер оқуға қабылданды. Солардың қатарында мен де бармын. 600 жыл тарихы бар академияда ең жас доктарант атандым.

Бойына біткен дара тұлғаның бірі Саида Қалықова. Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының солисі. Көру қабілетінен айырылған музыканттың музыкасын кім болмасын ұйып тыңдайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Рахмет, Саида. Осы жолыңмен жүре бер. Сен қанша адамдарға, жастарға үлгі-өнеге боласын. Адамның мүмкіншілігі шексіз екенін көрсетесің. Бақытты бол. Ұзақ ғұмыр тілеймін. Әлі талай шығарма жазасын. Қуантасын бізді.

Нұрсұлтан Назарбаев медицина саласының майталмандарымен де танысты.

Гүлжан Сәрсенбаева – кардиохирург. Ақ халатты абзал жанның мойнына артылған жүк ауыр. Ол жаңа туған нәрестелердің жүрегіне операция жасайды.

Алтын кездік қап түбінде жатпайды. Қазақстан Амазон, гугл, майкрасфот сынды алпауыт компанияларда жұмыс істейтін жастарымен мақтана алады. Мәулен Бектұрғанов, Санжар Мырзағалым секілді АйТи мамандары мен өнертапқыштар елімізді озық отыз елдің қатарына жетелеуге дайын.

Санжар Мырзағалым, өнертапқыш:

– Біздің тарихымыз, жолымыз әйгілі Стив Джобстың тарихына ұқсайды. Ол өзінің стартапын гаражда бастаса, біз өзіміздікін университеттің подвалында бастадық. Осыдан үш жыл бұрын «Экосоки» деп аталатын электр қуатын үнемдейтін интелектуалды жүйені ойлап таптық. Негізі Қазақстанда электр қуатын жұрыс қолданатын болсақ, онда 5 млрд киловатт сағатқа жуық, үнемдеуге мүмкіндік бар. Ал бұл 70 млрд теңге тұтынуышының қалтасында қалады деген сөз. Сонымен экологияға да жақсы әсерін тигізеді.

Ұлы істердің ұмытылмайтыны белгілі. «100 есім» ел есінде қалады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қолға алынған бұл жоба Ұлы ұлт, ұлылар тұлғалар туала алатынын дәлелдеп берді.

100 жаңа есім бұл туған еліне қолғабыс болуды өзіне серт еткен ұлттың ұл-қыздары. Зарыққанға жебеу, тарыққанға демеу бола алатын азаматтығы мен іскерлігі қатар үйлескен адамдар.

Баһаргүл Төлегенқызы, кәсіпкер:

– «100 есімге» кіру мен үшін қуаныш. Бұл мемлекет алдында, отан алдында, маған сенгендердің алдында үлкен жауапкершілікті арттырады. Көпшіліктің алдында жұмыс істеу үшін бұл атақ бізді алға жетелейді, қанаттандырады.

Құралбай Орынбасар, самбо күресінен жаттықтырушы:

– Бұл жоба өте керекті жоба. Еңбектің қайтқаны, еңбектің ақталғанына қуаныштымыз. 100 жаңа есімге өз еліне, кәсібіне адал болған жандар кіретін шығар деп ойлаймын.

Нұржан Әлтаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

– Біздің жастар бәрі өз қолдарын екенін түсіну керек. Біреуден көмек күтіп, ертең біреу келіп ажсап береді деп отыруға болмайды. Елбасының арқасында өте қызық заманда қмір сүріп отырмыз.

Мерейлі мереке барысындағы жиынды түйіндей келе Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шарапаты мол шараға арналған көрмені аралап, халықпен емен-жарқын әңгімелесті. Форум соңында Елбасы 100 жаңа есім иелерімен естелік суретке түсіп ерекше көңіл күймен тарқасты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз