Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

10 жыл бойы ел көзінен таса болған Қайрат Нұртастың жары алғаш рет сұхбат берді (фото)

122

осы отбасына келін болып, дүниеге ұрпақ әкелсем деп, шаңырақтың түтінін түтетіп, үйдің жылулығын ұстасам деп тұрмысқа шықтым,

Қайраттың артынан жүрейін деп емес. Алла тілегімізді қабыл етіп, балалы болдым”, – дейді Жұлдыз.

“Арман” фильмінің БАҚ-қа арналған ресми ашылуында Жұлдыз өзі басты рөлді сомдайтын фильм туралы да айтты. Әншінің жары фильмдегі оқиғаның Қайрат екеуінің өміріне еш қатысы жоқ екенін айтты.

“Фильм Қайрат пен Жұлдыздың жеке өмірінен алынған деп шатаспауларыңызды сұраймыз. Мен актриса болғандықтан, алған білімімнің жемісі деп білемін. Сондықтан сіздер киноны көріп, өз бағаларыңызды бере жатарсыздар. Біз киноны түсірген кезде өмірлік мәні бар, көрермен ой түйіндеуге болатын оқиға болса деп алдық”, – деді Жұлдыз Әбдукәрімова.


Ең алғаш Қайраттың “Арман” әнінің бейнебаянына түскен Жұлдыз актриса мамандығын тәмамдағанымен, әншіге тұрмысқа шыққаннан кейін 10 жыл үйде отырған.

“Маған оңай болған жоқ. Екі жыл жұмыс істеп, дайындалдым. Жұмысқа бірден кірісіп кету оңай болмады”, – деді Жұлдыз.

Еске салсақ, кеше Алматы қаласы, Esentai mall кинотеатрында Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз Әбдукәрімова басты рөлді сомдайтын “Арман” фильмінің тұсаукесері болды. Фильмнің ресми шарасына қала әкімі Бауыржан Байбек келді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз