Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

10-қабаттан құлаған баланы құтқарған астаналыққа 500 мың теңге берілді.

«Кеше Сіздің ерлігіңізді естіп, қатты қуанып қалдық. Жап-жас астаналықтың өмірін сақтап қалдыңыз. Біздің әкімдіктің атынан, бүкіл халықтың атынан сізге үлкен алғыс айтқымыз келеді. Әлбетте, біздің құрметтен жоғары ерлік жасадыңыз. Сізге көп рахмет», – деді қала әкімі. Өз кезегінде Артем Карев бұл құрметке алғысын айтты.

Еске сала кетсек, кеше Астана тұрғыны Артем Карев 10-қабаттан құлаған 7 жасар баланы құтқарып қалған болатын. Оқиға Сарыарқа ауданының Жеңіс даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде, 24 қыркүйекте болған.

https://kaz.365info.kz/astanada-er-adam-10-khabattan-khylagan-balany-khagyp-aldy-video-333269

«Таңғы 10:16-да Жеңіс даңғылындағы 28-үйде жас баланың 10-қабаттан құлау қаупі туралы хабар келіп түсті. 10:22-де оқиға орнына Астананың №2 арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жеткен және олар келгенше 9-қабаттағы тұрғын баланы құтқарып үлгерген», – деп хабарлаған еді ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз