Қазақстан халқы Ассамблеясы 1 шілдеде дүниеге келген отбасындағы тұңғыш сәбилерге ұлттық домбыра күніне орай домбыра сыйлауға уәде берді, – деп хабарлайды “Хабар-24”.
Бұл туралы Алматыда өткен журналистер мен сарапшылары клубының кеңейтілген отырысы барысында ұйым төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко айтты. Сондай-ақ, отырыс кезінде Ассамбея клубының жаңа төрағасы тағайындалды. Еске сала кетейік, 13 маусымда Қазақстанда домбыра күні пайда болатыны хабарланған болатын.