Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

1 процентпен несие беретін мемлекеттік бағдарлама іске қосылды

Бүгінгі таңда “Қазақстан Халық Банкі” АҚ Маңғыстау облыстық филиалымен (400 млн. теңге), “Қазақстан Халық Банкі” АҚ-ның Жаңаөзен өңірлік филиалымен (400 млн теңге) және “ForteBank” АҚ (322 млн теңге), “Сбербанк России” АҚ ЕБ (150 млн теңге) келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, осы бағдарламаға қатысу үшін “Банк ЦентрКредит” АҚ және “Атамекен Микрофинанс” ЖШС өтінімдерін берді”,- деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

“NurKapital” бағдарламасына қатысқысы келетін барлық кәсіпкер қажетті құжаттарды дайындау және жинаумен айналысатын Жаңаөзен қаласындағы және облыстағы бизнес-бөлімшелерге өз өтінімдерімен жүгіне алады. Сондай-ақ, кәсіпкер барлық қажетті құжатты екінші деңгейлі банктерге тапсырып, мақұлданған соң банкпен бірлесіп, субсидия алу үшін құжаттарды облыстық үйлестіру кеңесіне жібереді. Аймақтық үйлестіру кеңесі әрбір аудан үшін маңызды деп танылған жобаларды қарастырады.

“Қазіргі таңда облыстағы қалалар мен аудандар әкімдіктерінде 2 млрд теңгеден астам қаржыға кәсіпкерлер тарапынан 192 өтінім келіп түсті. Олардың 35 проценті – мал шаруашылығы секторында, өңдеу, жеңіл өнеркәсіп — 22, туризм — 16, көлік және қойма — 8, өсімдік шаруашылығы — 5, денсаулық сақтау — 5, қызмет көрсету — 3, білім беру — 3, тамақтану қызметтері — 1, көтерме және бөлшек сауда — 1, инвестициялар — 0,3, өнер, ойын-сауық және демалыс — 0,1 процент”, — деді Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз