Сенбіде Қазақстанның басым аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, 1-қазанда еліміздің басым аумағында жаңбыр жауып, жел екпіні күшейеді. Жекелеген жерлерде тұман болады.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, түнде Алматы, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кейбір аумақтарында ауа-райы құбылмады, қатты жел тұрады.
Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аймағында да жел тұрып, күн салқындайды, түнде таулы аудандарда тұман болжанады.
Қарағанды облысының кейбір аймағында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.