ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мәжілістің пленарлық отырысында Қазақстанда 600 мың отбасының шетелдік арналары бар спутниктік телевидениені қарайтынын және сондықтан өз елімізде не болып жатқанын білмейтінін мәлімдеді.
Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі мәлім етті.
“Бұл жерде еліміздегі ақпараттық қауіпсіздік мәселесі жайында. Қазіргі уақытта 600 мың отбасы спутникті қарайды. Онда қазақстандық телеарналар қорғалмаған. Сонда еліміздегі 1,5 миллион адам жаңалықтардан хабары жоқ деген сөз, яғни, олар қазақстандық телеарналарды көрмейді және соған байланысты Қазақстанда не болып жатқанын білмейді де”, – деді министр Абаев.
“Жергілікті органдар түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Тіркелмеген спутниктің карталардың сатылымына тыйым салынады. Қолданушылар зардап шекпейді”, – деді Дәурен Абаев.