Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

0:19! Футболшы қыздарымыз ЕВРО-2019 іріктеуіндегі үш ойында да масқара есеппен жеңілді

Төрт команда арасындағы топтық турнир нәтижесінде бірінші орынға Англия жайғасып, екінші орынға Словения, үшінші орынға Уэльс командасы шықты. Турнир қожайындары, Қазақстан құрамасы бүкіл елді жерге қаратты: ұпай алмақ түгілі, бір доп та соға алмай, соңғы орында қалды.

Үш ойында нөл гол! Доп айырмашылығы — 0:19! Алдымен ағылшын қыздарынан 0:9 есебімен ұтылды, сосын Словения — 0:3, Уэльспен болған ойында — 0:6.

Бұл қазақ футболының ұлттық құрама деңгейіндегі кезекті сәтсіздігі.

Қазақстан халқының біраз бөлігі енді Сейілда Байшақов пен Қаныш Әубәкіров басқаратын Қазақстанның футбол федерациясын шынымен де жек көре бастады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз